Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті
Бүгін Шымкент қаласы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.





