Шымкент: блок-бекетті айналып өтпек болған 150 көлік жүргізушісіне хаттама толтырылды
Шымкент қаласының шеткі елді мекендерінде қыр-адырлар арқылы үлкен автожолдарға шығып кететін соқпақ жолдар бар. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған соң кейбір тұрғындар осы жолдар арқылы блок-бекеттерді айналып өтпек болған.