Түркістанда "Сақшы" жобасы басталды
COVID-19 коронавирус инфекциясының облыста таралмауының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында түрлі деңгейдегі шаралар атқарылуда. Осы орайда, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындардың жұмыс жасау режимі өзгертіліп, шектеулер қойылды.








