Кәсіпкерлерге көпшілік қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімі аппаратының өкілдері, қалалық полиция департаментінінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Сәулет және қала құрылысы басқармасының газ-техникалық бөлімінің жетекшілері, қалалық әкімдік басқармаларының өкілдері, сауда орындарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Шымкентте қандастар еңбек нарығына сай бейімделуде

Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 366 отбасындағы 736 адам «қандас» мәртебесін алып, 48 отбасыдағы 64 адамның мәртебесі 6 айға ұзартылды. Қандас мәртебесін алғандардың ішінде 365 ер адам мен 371 әйел бар, олардың 234-і 18 жасқа дейінгі балалар, ал 90-ы зейнеткерлік жастағы азаматтар. Шымкентке қоныс аударған қандас отбасыларда 412 адам еңбекке қабілетті.

Ғалым Шойкин Сауран ауданында ҚХА мүшелерімен, имамдармен және қоғам белсенділерімен кездесті

Таяуда Сауран ауданына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іссапармен барды.  Сапар аясында жергілікті этномәдени бірлестіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, мешіт имамдарымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.

Шымкентте үш жаңа өндіріс орны іске қосылды

Бүгін еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында үш жаңа өндіріс орны іске қосылды. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Шымкентте "Мың жүйрік" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық  «Мың жүйрік» байқауы қорытындыланды. Этнос балаларының қатысуымен болған жоба биыл  төртінші рет өтуде. 

Шымкентте спорт мектебі ашылды

Тәуелсіздік тартуы. Шымкентте тағы бір спорт мектебінің лентасы қиылды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.

Сауран ауданында этносаяси ахуал, патриотизм, азаматтық бірегейлік тақырыптарында кездесу өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Шымкентте мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі соңғы жылдары басты назарда. Қалада мүгедектігі бар тұрғындардың еңбек нарығына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда.