Түркістан қаласында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты облыстық байқау өтті

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» атты облыстық байқау өтті. Шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы және «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Жантөреева Халима Жантөреқызы сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталды.

Созақ ауданының әкімі Таукентте атқарылып жатқан жұмыстарды өз бақылауында алды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Алдымен аудан басшысы «Шолаққорған-су» МКК-на қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарын аралап, қазіргі жай-күйін назарға алды.

«Түркістан» екі томдық энциклопедиясының таныстырылымы өтті

Түркістанда қасиетті шаһардың, өңірдің тарихы мен мәдениетін, рухани мұрасы мен тарихи-танымдық құндылықтарын кеңінен танытатын «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі ұйымдастырылды

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы XXI Халықаралық бокс турнирі ұйымдастырылды.

Түркістанда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтті

Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында 10 елдің қолөнер және экоөнімдері ұсынылған «Brand Craft Fair» халықаралық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке аясында «Шеберден – брендке, өңірден – ұлттық өнімге, Түркістаннан – әлемдік нарыққа» тақырыбында форум ұйымдастырылып, оған қазақстандық және шетелдік қолөнершілер, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және туристік ұйымдардың өкілдері қатысты. Жәрмеңкеде отандық және шетелдік шеберлердің бірегей қолөнер бұйымдары мен экоөнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына жеңілдетілген бағамен ұсынылды.

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нәтиже мен міндеттер сараланды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте 2026 жылдың ІІІ тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, алдағы кезеңнің басым бағыттары мен өзекті міндеттері талқыланды.

Көне Түркістан – туризмнің жаңа орталығы: шаһардағы ішкі туризмнің дамуы мен келешегі қандай?

Тарихы терең, тағылымы мол Түркістан бүгінде Қазақстандағы ішкі туризмнің ең тартымды бағыттарының біріне айналып келеді. Көне шаһардың рухани мұрасы, жаңарған келбеті, заманауи туристік нысандары мен дамып келе жатқан инфрақұрылымы отандық саяхатшылардың қызығушылығын арттыруда. Алайда туризмнің тұрақты дамуы тек туристер санымен емес, көрсетілетін қызмет сапасымен, экономикалық тиімділігімен және тарихи құндылықтарды сақтаумен өлшенеді.

Түркістан – өркениеттер тоғысқан қала: әлем шаһарларымен мәдениет, өнер және туризм бағытындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

Көне тарихтың алтын бесігі атанған Түркістан бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде халықаралық кеңістіктегі орнын нығайтып келеді. Әлемнің түрлі мемлекеттері мен қалаларымен орнаған бауырластық байланыстар, мәдени іс-шаралар, өнер саласындағы ықпалдастық және туристік жобалар тарихи шаһардың жаңа даму кезеңіне жол ашуда.

Көне тамыр. Жаңа тыныс. Жарқын болашақ. Бұл – Түркістан!

Тарихы терең, тағылымы мол, руханияты биік, келешегі кемел Түркістан – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі дүниесінің жүрегіне айналған қасиетті мекен. Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен көне шаһар бүгінгі таңда жаңа дәуірдің жарқын келбетін қалыптастырып, өткеннің өнегесін болашақтың бағдарына айналдырып келеді.