Түркістан: Созақ ауданында балаларға арналған үш нысан пайдалануға берілді

Бүгін Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін үш жаңа нысан ашылды. Бабата елді мекенінде кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, Жартытөбе ауылында да кіші футбол алаңы ел игілігіне ұсынылды.

Түркістан: Арыстағы елді мекендерде 17 балалар ойын алаңшасы салынады

Арыс қаласында тұрғындармен өткен кездесулерде жиі көтерілетін мәселелердің бірі – балалар ойын алаңшаларын салу қажеттілігі. Осыған байланысты қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы Арыс қаласында 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары қолға алынды.

Аталған нысандардың 10-ы қала аумағында орналасса, қалған 7 ойын алаңшасы ауылдық елді мекендерде бой көтеруде. Барлық алаңшалар заманауи талаптарға сай, балалардың қауіпсіздігі мен белсенді дамуына лайықталған.

Биыл қаладағы Сүлейменов көшесінде орналасқан футбол алаңшасына, сондай-ақ Монтайтас пен Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар Арыс қаласының балалар мен жасөспірімдеріне қолайлы орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылуда.

Сауран ауданы жиһаз өндіретін өңірге айналды

Сауран ауданында кәсібін дөңгелетіп, бизнес ашамын деген жандар үшін мол мүмкіндік бар. Қазіргі таңда өңірде 30-дан аса жиһаз цехы жұмыс істейді. Аудан шеберлерінің өнімдері елімізде ғана емес, көршілес елдерде де үлкен сұранысқа ие.

 

Аудағы ең ірі жиһаз өндіріс орындарының қатарында «Ақниет Holding» өндіріс орны бар. Жобаның өндірістік қуаттылылығы жылына 34 000 дана жиһаз, 24 000 мектеп парталарының жиынтығын құрайды. Қазіргі уақытта онда 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

Өңірдегі тағы бір ірі жиһаз өндіру орны «ТАК» фабрикасы. Бұл кәсіпорын он жылдан астам уақыт бойы өз шеберлігін жетілдіріп келеді. «ТАК» – корпустық жиһаз, шпонмен қапталған үстелдер мен орындықтар нарығындағы танымал көшбасшы. «ТАК» фабрикасының жиһаздары тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де жоғары сұранысқа ие. Өндірісте үнемі жаңартылып отыратын заманауи жабдықтар қолданылады. Ондағы шеберлер жиһазды жаңғақ, қарағаш, қарағай сияқты бағалы ағаш түрлерінен дайындайды. Ондай жиһаздар жылдар өте келе өз құндылығын жоғалтпай, тіпті арта түседі.

 

Ауданда биыл жыл соңына дейін тағы 4 жиһаз өндіру цехы өз жұмысын бастамақ.

Шымкентте тамыз айында бірқатар мәдени іс-шара өтеді

2025 жылдың тамыз айында Шымкент қаласында маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл айда ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған мерейтойлық бағдарламалар мен ел тарихындағы елеулі оқиғаларды атап өтуге бағытталған шаралар өткізіледі.

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту жалғасуда

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Атап айтқанда, 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделіп отыр. Бұл бастама еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлап, тұрғындарды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкентте аялдама павильондары жаңартылуда

 Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.

Олжас Бектенов Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайымен танысыты

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты.

Түркістан: Облыс әкімі орынбасарының кезекті жеке қабылдауында мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдау жұмыстары жалғасып келеді. Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков кезекті жеке қабылдауын өткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

Бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы немесе 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы немесе 49,7 пайызы қиыршық тасты жолдар санатына жатады.

Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам өрт дерегі тіркелген

Облыс аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков мәлімдеді.