Super User

Super User

Түркістандық тхэквондошылар «Altic Cup G1» халықаралық турнирінде жүлдегер атанды

21–23 маусым күндері Астана қаласында таэквондодан (WT) әлемдік рейтингтік ұпайлар сарапқа салынған Altic Cup G1 халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Түркістандық пара жүзушілер ел біріншілігінен жүлделі оралды

20–26 маусым аралығында Талдықорған қаласында пара жүзуден жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 15 өңірінен 130-дан астам параспортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Түркістандық спортшы Азия және Океания чемпионатында алтыннан алқа тағынды

Ағымдағы жылдың 24–28 маусым күндері Филиппин Республикасының Манила қаласында ересектер арасында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Асанқызы Нурила жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Түркістандық Ермек Құралбай – екі дүркін әлем чемпионы атанды

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының Қазан қаласында 24–27 маусым аралығында ересектер арасында аударыспақтан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен келген үздік балуандар қатысып, ұлттық спорттың көркін қыздырды.

Осы RSS каналға жазылу