Сауран ауданы: Жүйнекте инвестициялық жобалар мен ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқын алған
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Жүйнек ауылдық округінде ауыл әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Әбдікарімов 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.