Super User

Super User

Сауран ауданында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды

Жазғы маусымда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Сауран ауданы аумағында кешенді профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері, Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі және еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Өзбекстанмен ынтымақтастық аясында Сауран ауданында 10 жаңа жобаға жол ашылды

Сауран ауданының делегациясы Өзбекстан Республикасына жасаған екі күндік жұмыс сапарын қорытындылап, инвестиция тарту, өндіріс пен ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында келіссөздер жүргізді.

Сауран ауданы мен Өзбекстанның Шыршық аудандары арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылды

Өзбекстанның Ташкент облысында ұйымдастырылған «Шекарасыз ынтымақтастық» бизнес алаңы Қазақстан мен Өзбекстанның іскерлік қауымдастығы өкілдерін бір жерге жинады. Іс-шараға екі өңірден келген 200-ге жуық кәсіпкер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып, өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сауран ауданы: Үшқайықта футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу