Түркістан: медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты.

Түркістан облысында заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамту жұмысы жалғасасын табады

Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 49 медициналық пункттің құрылысы басталады. Атап айтсақ, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 мединицалық пункт құрылысы қарқын алады. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды.

Түркістан облысында шіркейге қарсы күрес қарқынды жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы, Шардара ауданында шіркейге қарсы биылғы дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу басталды. Алдымен ұзындығы 352 шақырымды құрайтын Сырдария өзені 6 бөлікке белгіленіп, әрбір 60 шақырымы дәріленеді. Мамандардың айтуынша, дәрілік заттың төрт түлікке, ара, балық және басқа да тіршілік иелеріне зияны жоқ.

Жалпы 2024 жылға дезинсекция шараларын өткізуге және ғылыми сүйемелдеу жүргізуге облыстық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралған. Түркістан, Кентау, Арыс қаласында және Отырар, Шардара, Мақтаарал мен Келес ауданында дезинсекция жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекеме ретінде «Satti Tulik» ЖШС анықталды.

Дернәсілдермен күресу үшін биологиялық препараттарды суға жіберу әдісін, ал су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда. Дезинсекция жұмыстарының нақты жүргізілетін өңдеу алаңы, уақыты, дозасы, препараттардың көлемі ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес белгіленеді.

Биылғы жылдың 8 ақпанынан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.

Екі апта бұрын Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жауапты қызметкерлері, аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері, аудан, қала мәслихат депутаттары және БАҚ қызметкерлері «Satti Tulik» ЖШС мекемесінің дезинсекция жұмыстарын қадағалады. Ұшақ, техникалар және жұмысшы құраманың дайындық барысымен танысты. Дезинсекция жұмыстары басқарманың қатаң бақылауында болады.

Айта кетейік, былтыр дезинсекция шаралары облыс аумағында наурыз айынан бастап маусым айына дейін жүзеге асырылды. Шыбын-шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күресу жұмыстары химиялық (кардинал, фипрон) және биологиялық (бактицид) әдістерімен жүргізілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Түркістан: облыс әкімі Сарапхана ауылдық емханасының жағдайымен танысты

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Бұған дейін облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауларында Сарапхана ауылдық емханасының мәселесі көтерілген болатын.

Түркістан: МӘМС жүйесінің медицинаны қаржыландыруы 1,7 есеге артқан

Түркістан облысында МӘМС қорының медициналық саланы қаржыландыруы 1,7 есеге артты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі - шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Түркістан облысында балалардың 91,1 пайызы қызылшаға қарсы екпе алған

Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруына шалдыққан 299 науқас тіркелген. Оның ішінде 81,2%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар, 56-сы - ересек адам. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі - екпе салдырмағандар. Бұл жайында Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, жеке медициналық орталықтардың басшылары қатысып, баяндамалар жасалды. Күн тәртібінде 6 мәселе тыңдалды.

ШЫМКЕНТ: КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ОБЫР КӨБЕЙІП ТҰР

Дүние жүзінде жылдан жылға онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады екен. 2023 жылы 218 мың науқас диспансерлік есепте тұрып, 12 мың науқас қатерлі ісіктен қайтыс болған.

Елімізде сүт безі, өкпе, асқазан қатерлі ісіктері өте жиі таралған. Республикада кейінгі 5 жылда – 2014-2015 жылы ісіктер жиілігі бойынша 5-6 орында болған колоректальды обыр 2022-2023 жылы 3-4 орынға шықты. Жекешелеп алғанда тоқ ішек обырына шалдыққандар осы жылдар арасында 0,5 % артса, тік ішек обыры 1,6% жиілеген. Егер қатерлі ісіктің алдын алмасақ, алдағы 25-30 жылда тоқ ішек және тік ішек обыры ерлер арасында ең жиі кездесетін ісікке айналмақ. Онкологиялық ауруларға сараптама жасағанда, колоректальды ісік салдарынан өлу жиілігі ерлерде 4 орынға, ал әйелдер арасында 5 орынға шыққан.

Онкологиялық ауруларға шалдығуға негіз болатын факторлардың бірі – адам ағзасындағы иммунитеттің нашарлауы. Күнделікті өмірде адам ағзасы үнемі канцерогендер шабуылына ұшырап отыратыны мәлім. Организмге енген канцерогендермен күресіп, оны жойып отыратын арнайы иммундық жүйе. Иммундық жүйе қызметі нашарлағанда немесе оның ісіктік жасушаны танып, әрекет ету қарқыны төмендегенде денеде қатерлі ісік дамиды.

Тоқ ішек және тік ішек ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі болып есептеледі. Сондықтан оған әсер етуші зиянды факторлар да негізінен тамақпен байланысты болатыны сөзсіз. Ол тағам құрамындағы канцерогендер, дұрыс тамақтанбау, асты шамадан тыс артық пайдалану, тамақтанудың батыстық үлгісі, гиподинамия салдарынан туындайды. Тамақтанудың «батыстық түрі» деген жоғары калориялы, жасанды майлар мен көмірсуларға қаныққан әртүрлі дәмдеуіштермен толықтырылған, тез дайындалатын, арзан тағамдар. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің дамуына бейімдеуші факторларды да айта кеткен жөн. Олар – семіздік, қант диабеті, тоқ ішек, тік ішектің созылмалы аурулары, іш қатулар, басқа да эндокриндік бұзылысы бар адамдар. Профессиональдық тұрғыда отырып жұмыс істейтін адамдар арасында (есепшілер, жүргізушілер, офис қызметкерлері т.с.с) осы ауру жиірек кездеседі.

Кейінгі зерттеулер тоқ ішек пен тік ішек рагы себебінің 70 пайызға жуығы алдын алуға болатын факторларға, тамақтану тәртібі мен өмір сүру түріне байланысты екенін анықтады. Тоқ ішек обырының клиникалық белгілері бастапқыда науқастың себепсіз зауқының болмауы, ішінің оқтын-оқтын ауырып, мазалауы, кейде іш қатуы немесе іштің өтуі болуы мүмкін. Тәбеті нашарлап, лоқсып, құсуы да мүмкін. Уақыт өте келе ауруда әлсіздік, анемия белгілері, нәжісіне қан араласады.

Аурудың емделуіне келер болсақ. Әлемдік статистикаға сай, қатерлі ісік бастапқы I, ІІ сатысында анықталса, радикалды ем жасалған науқастардың 80-90 пайыздан астамы толық айығып кетуі мүмкін. Онда да емдеу тәсілі де заманауи, эндоскопиялық тәсілмен жасалады. Даму сатысы жоғарылап, кесел ағзаға жайылған сайын, басқа ағзаларға (бауыр, өкпе, сүйектер т.с.с) метастаздар беріп таралған жағдайда аурудың емі де қиындай береді. Көбіне аурудың асқынған ІІІ және ІV сатыларында толыққанды хирургиялық ем жасау мүмкін болмайды. Тек паллитивті уақытша жағдайын жақсарту емі және химиялық препараттармен емдеу тәсілі ғана тағайындалады.

Онкологиялық аурулардың бәріне тән бір ерекшелік – кеселдің бастапқы сатыларында ауру белгілерінің мүлдем болмауы немесе елеусіз болуы. Тұрғындар елеусіз белгілерді ескеріп, дәрігерге дер кезінде көрінсе, обырды ерте сатысында анықтап, емделу көрсеткіші де артар еді.

Шымкент қаласы тұрғындарының онкологиялық ауруларының алдын алу және ерте анықтау мақсатында қалалық онкологиялық орталықта жоспарға сәйкес «ашық есік күндері» өткізіліп отырылады. «Ашық есік күні» әр аптаның сенбі күніне түрлі нозологиялық бірлік бойынша жоспарланған. Онда тұрғындар тегін онколог кеңесін алып, қажет деңгейде тексеріледі. Тексерілушілерді арнайы мамандар қарап, тиісті диагностикалық шараларды жүргізіп, ем-дом тағайындайды.



Н. ШАУЕНОВ,
Шымкент қалалық
онкологиялық орталықтың хирургі, колопроктолог