Аталған жиында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бөлім басшысы атап өткендей бүгінгі таңда аудан көлемінде егілетін егіс алқабына жыртылуға тиісті жер көлемі 26 606 га болса, оның 17 713 га яғни 66,6 пайызы орындалған. Ал, сор шаюға берілген 1300 га жер толығымен суғарылса, қара жер суғару 4933 га (жоспар 21073 га) яғни 22,1 пайызы ғана суғарылған.
2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын қалыптастыру мақсатында «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жылдың 1-20 желтоқсан аралығында өтінім қабылдау жүргізілген. Аудан көлемінде 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-нің тарапынан 301 өтінім тапсырылып 28 331,9 гектар жерді игеруге 665,63 тонна жанар-жағармайды алуға өтінім қабылданған. Жеткізуші оператор болып «Ұлы Орда-01» ЖШС тағайындалған. Сатылу бағасы - 249 тг/литр құрап отыр.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Сапарбай кәсіпкерлерді қолдау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарының барысы туралы сауалын жолдаса, Нұржан Дайрабаев баяндамада көрсетілген статистикалық мәліметтерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сандардың нақтылығын айқындау керектігі жөнінде ұсынысын жеткізді.
Аталған сауалдарға жауап берген бөлім басшысы қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жұмыстары басталып жатқанын, тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, бағаны негізсіз өсірген сауда орындарының иелеріне тиісті шаралар жүргізіліп отыратынын айтып өтті. Ал, статистикалық мәліметтер шаруа қожалық иелері мен ауыл округтерінің әкімдері тарапынан берілген мәліметтерге сүйеніп жасалатынын, алайда бұл мәліметтерді нақтылау үшін тиісті органдар тарапынан зерделу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Мұнан соң «Отырар-ағын су» мекемесінің басшысы Мүбәрак Раев каналдарды механикалық тазалау жұмыстарының барысын туралы баяндады. Оның айтуынша Отырар ауданының су пайдаланушыларының биылғы жылға Отырар өндірістік бөлімшесі қызмет ету аумағындағы каналдар бойынша жоспарлап отырған жалпы егістік жер көлемі – 26565,5 га болып отыр. Осы шаруашылықтардға су жеткізіп реттеп беру үшін Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мекемесінен Арыс өзені бойынша – 193300,0 мың текше метр су көлеміне, Сырдария өзені бойынша – 70000,0 мың текше метр су көлеміне су пайдалану шектеуіне сұраныс берілген.
Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Д.Алтынбеков каналының 9 шақырым бөлігіне, «Көкмардан» 13,7 шақырым, «Кенжеалиев» каналының 1 шақырым бөлігіне механикалық тазалау жұмыстары жүргізіген. Сонымен қатар Көксарай ауыл округінен «Көларық» каналының 6 шақырым, «Сулы» каналының 3 шақырым, Балтакөл ауыл округінен «Сумағар» каналының 6 шақырым, «Бақтыбай» 2 шақырым «Қонай» каналының 3 шақырым, «Жайықбек» 2 шақырым, «Қонай» канылының 4 шақырым бөлігін механикалық тазалаудан өткізу жоспарлануда. «Қызылту» насос станциясына «Қазсушар» РМК тарапынын 2 дана, «Көксарай» су реттегіші мекемесі тарапынан 2 дана су жаңа СНП-500 су тартқыш моторы алынып, 4 моторды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Мария Белгібай каналдарды механикалық тазалаудан өткізу барысында Л-1 каналының тазалау жұмыстарына көңілі толмайтынын, осы канал арқылы ағын суды пайдаланушылардың шағымы жиі айтылатынын айтса, Темірхан Партай Д.Алтынбеков каналы бойындағы ыза судың әлегі туралы айтып өтті.
Көтерілген мәселелердің орынды екенін айтқан мекеме басшысы осы мақсатта ауыл ішіндегі Л-1 каналын қолмен тазалау жұмыстарын ұйымдастыратынын, ағын су жеткізу үшін канал басына су сорғыш матор қоюды жоспарлап отырғанын, ал, ыза су мәселесі бойынша алдағы уақытта тиісті мамандармен бірлесе отырып қажетті шараларды атқаратынын айтып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер әбден пысықталып, талқыланғандықтан кеңес мүшелері тарапынан бөлім мен мекеме басшысының баяндамасы бірауыздан қанағаттандырылсын деген шешім қабылданды.
Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану бойынша қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстар барысында жайылымдық жерлерді мақсатсыз пайдаланып отырған шаруақожалық иелері анықталғаны жайында айтқан аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ұ.Әбдірахымов пен қоғамдық кеңес мүшесі Төрехан Амантай аталған мәселеге байланысты қажетті шаралар қолдану керектігін тілге тиек етті. Бұл мәселе бойынша ауыл округтерінің әкімдеріне бір ай ішінде нақтылап, жауап беру туралы тапсырмалар жүктелді.
Жалпы биылғы көктемгі егіс жұмыстары Түркістан облысы көлемінде 873,6 мың гектар жерде жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 335 мың гектар жерге егілсе, бұршақты дақыл 3,8 мың гектарға, майлы дақылдар 76,9 мың гектарға, техникалық дақылдар 105,3 мың гектарға, ал, көкөніс 44,9 мың гектарға егілмек.
Биыл шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасына республикалық бюджеттен қосымша 5 млрд. теңге бөлу ұсынылды. Тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасына 600 млн. теңге облыстық бюджеттен қаралды. Ағын су жеткізу құнын субсидиялауға 150 млн. теңге бөлінді.
Биыл 22 мың тоннаға жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Көктемгі дала жұмыстарына 2024 жылы 13,4 млрд. теңге көлемінде несие қаржысы жоспарланды. Бүгінгі күнге тауар өндірушілер 2,2 млрд. теңгеге қаржыландырылды.Мамандардың баяндауынша, көктемгі дала жұмыстарына техникалар 95 % дайын. Биыл 1382 комбайн, трактор және қосымша құрал-жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Дегенмен, биыл да су мәселесі өзекті болғалы тұр. Су қоймаларда судың көлемі өткен жылмен салыстарғанда аз жиналған. Сондықтан өңірде әрбір шаруаға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, суды аз қажет ететін өнім түрлерін егуге басымдық берілмек.
Жалпы айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес елімізде ылғал үнемдеу технологияларын 1,4 млн. гектарға ендіру қарастырылған. Оның ішінде Түркістан облысы үлесі 16 % немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады. Қазіргі таңда, Түркістан облысында ылғал үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға орналастырылған.
Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Алдағы уақытта «BNK Group LTD» ЖШС-гі құны 2 млрд. теңге 50 мың гектарға тамшылатып суғару, «Тұран су» ШЖҚ МКК-ны құны 480 млн. теңге құрайтын жылына 9 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорны алғашқы жарты жылдықта іске қосылады.
Биыл су үнемдеу технологиясын қосымша 22 мың гектарға ендіру жоспарлануда. Негізгі мақсат – шөлейтті аймақ болып есептелетін Түркістан өңірінде жаңа технологияның көмегімен өнім көлемін арттыру, шаруаларға тиімді жол ұсыну. Әрі мемлекеттің субцидиясы қарастырылған. Озық технологияны таңдаған шаруаларға қаржының тең жартысын мемлекет өтеп береді. Су арналарына жақын орналасқан жерлерде кооператив құрып, біріккен диқандарға да қолдау бар.
Заманауи қондырғылар АҚШ, Израиль, Еуропа, Қытай, БАӘ мен Қытай елдерінде жасалады. Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Түркістан маңындағы өндірістік паркте «BNK Group LTD» ЖШС-нің құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын жылына 960 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауытының 1 кезеңі іске қосылды.
Сонымен қатар «ZHANASSYL» ЖШС-нің құны 6,1 млрд. теңгені құрайтын тамшылатып суару құрылғыларын шығаратын зауыт жобасы әзірленуде. Аталған жобалар есебінен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің су үнемдеу технологияларына кеткен инвестициялық шығыстарды өтеу үлесі 80 пайызға ұлғайту ұсынысы негізінде облыста су үнемдеу технологияларын ендіру жоспарын толығымен орындауға мүмкіндіктер бар. Қазіргі таңда жалпы алаңы 10,5 мың гектарға су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша құны 17,8 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба дайын.
Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суғару әдісі – халықтың әл- ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да септігін тигізіп отыр. Жаңбырлатып суару қондырғыларының заманауи түрлерін мамандар бағдарламасын ұялы телефонға жүктеп алып, үйде отырып та басқаруға болатынын айтады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын ендіру тапсырмасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын ендіру шаралары кеңейтіліп, қаржыландыру тетіктері мен механизмдері қарастырылуда. Біз, облыс әкімдігі тарапынан бұл бағытты қолдауға барлық мүмкіндіктерімізді қарастырамыз. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану – маңызды міндеттің бірі. Алғашқы кезекте біз суармалы алқаптарды қамтамасыз етуіміз керек. Аудан, қала әкімдері бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Сондай-ақ бұл жұмыстардың барысында Отандық өндірушілерге басымдық беріледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі су үнемдеу технологияларын ендіру жобаларына қажетті жеңілдетілген несие, субсидия көлемдерін есептеп облыстық, республикалық бюджетке ұсыныс енгізуді тапсырды. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасын су үнемдеу технологияларына бағдарлауды пысықтауды жүктеді.
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылып жатқан озық технологияның бірі – тамшылатып суару. Түркістан облысында көптеген шаруа қожалықтары осы әдіске көшкен. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп. Атап айтқанда, тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды және мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді.
Түркістан облысының шаруалары бірнеше жылдан бері егістікті жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісіне көшіп жатыр. Техниканы тасымалдаушылар қондырғыны іске қосу, бассейн мен құдық қазу, тоқ беретін генераторды орнату секілді жұмыстарды толық мойнына алады. Алып техника бір жүргенде кемінде аумағы 500 метр жерді суарады.
Облыстың оңтүстік өңірлерінде монодақылға айналған мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері, бұршақты дақыл және малазықтық дақылдармен алмастыру арқылы ауыспалы егісті ендіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Бұл бағытта дәндік жүгеріні өткізу нарығымен қамтамасыз ету мақсатында, Шардара ауданының индустриалды аймағында 35 га аумаққа құны 32 млрд. теңгені құрайтын Түркия және Франция елдерінің технологиясымен «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда.
Ағын су тапшылығын төмендету мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын қалпына келтіру және жаңа су қоймаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 32 мың гектарға су үнемдеу технологиялары ендірілді.
Ағын су шығынын төмендету бағытында облыста су үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға енгізілген (22 мың га. тамшылатып, 10,3 мың га. жаңбырлатып). Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын ендіру көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу қарастырылып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина станциясының тиімді тұстары көп. Ол техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы – экономикалық жағынан тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады.
Мемлекет басшысы «Ішкі су қорымыз көктемгі және қардың суын жинап және оны егістікке тиімді пайдалану» үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 8,8 млрд. текше метрді құрайтын 42 су қоймасы бар. Жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн.м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесі шешімін табады. «Бәйдібек ата» су қоймасын салу жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 680 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. «Боралдай», «Бөген», «Қосқорған» су қоймаларының техникалық экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Түркістан облысында барлық каналдардың жалпы ұзындығы 12,3 мың шақырымды құрайды. Ұзындығы 59 шақырымды құрайтын «Түркістан магистральды каналын күрделі жөндеу» жобасының 1-ші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде, жылына 60 млн. м3 ағын су үнемделіп отыр. Ендігі кезекте каналдың 2-ші кезеңінің жобасы дайын. Жобаны аясында 25 дана су өткізу құрылымдары автоматтандырылады, 24,9 шақырым каналды бетондау арқылы жылына 29 млн. м3 ағын су үнемделеді. Сонымен қатар бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін су нысандарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Бүгінгі таңда жалпы құны 73,9 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба дайын. Тиісті қаржы бөлінсе, 236 шақырым канал бетонмен қапталып, 49,8 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Облыстық «Тұран су» коммуналдық кәсіпорнының жұмысы жүйеленіп, 46 дана арнайы техникалар сатып алынды. Мекеме өз қаражаты есебінен 680 шақырым каналға тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрап, республикада көш бастады. Облыс экономикасына 972 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі артты. 2023 жылға жоспарланған 56 инвестициялық жоба толығымен іске қосылған.
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылып жатқан озық технологияның бірі – тамшылатып суару. Түркістан облысында көптеген шаруа қожалықтары осы әдіске көшкен. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп. Атап айтқанда, тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды және мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді.Түркістан облысының шаруалары бірнеше жылдан бері егістікті жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісіне көшіп жатыр. Техниканы тасымалдаушылар қондырғыны іске қосу, бассейн мен құдық қазу, тоқ беретін генераторды орнату секілді жұмыстарды толық мойнына алады. Алып техника бір жүргенде кемінде аумағы 500 метр жерді суарады.
Облыстың оңтүстік өңірлерінде монодақылға айналған мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері, бұршақты дақыл және малазықтық дақылдармен алмастыру арқылы ауыспалы егісті ендіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл бағытта дәндік жүгеріні өткізу нарығымен қамтамасыз ету мақсатында, Шардара ауданының индустриалды аймағында 35 га аумаққа құны 32 млрд. теңгені құрайтын Түркия және Франция елдерінің технологиясымен «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда.
Ағын су тапшылығын төмендету мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын қалпына келтіру және жаңа су қоймаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 32 мың гектарға су үнемдеу технологиялары ендірілді.Ағын су шығынын төмендету бағытында облыста су үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға енгізілген (22 мың га. тамшылатып, 10,3 мың га. жаңбырлатып). Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын ендіру көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу қарастырылып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина станциясының тиімді тұстары көп. Ол техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы – экономикалық жағынан тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады.
Жалпы, Түркістан облысында су шаруашылығын дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Су қоймалары мен тоғандарға ағымдағы жөндеулер де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр Ордабасы ауданында орналасқан «Бөген» су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Бөген» су қоймасының жай-күйімен танысып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылау үшін арнайы барып, тексеріп те қайтқан болатын.
Облыс басшысы сол сапарында жауапты сала басшыларын мұқият тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Нысанды мерзімінде сапалы етіп тапсыру талабын қойды. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлуді тапсырды.– Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өңірдің ауыл шаруашылығы үшін су қойманың берері мол. Сондықтан жауаптыларға қойылар талап та күшті. Қауіпсіздікті сақтау – басты мақсатымыз. Жөндеу жұмыстарының әр сатысы жан – жақты әрі тұрақты бақылауда болады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. 1967 жылы салынған «Бөген» су қоймасы су шаруашылығы нысандары стратегиялық объектілер тізбесіне жатқызылған. Аумағы – 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, тереңдігі 15 м. Бөген су қоймасының су сыйымдылығы – 370 млн текше метр. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат