Түркістан облысында егістіктік көлемі 800 мың гектардан асқан

Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 798,4 мың болғанын ескерсек, 9 мың гектарға артқанын аңғаруға болады. Мұндай жетістікке «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жетіп отырмыз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Жансейіт Түймбаев діни конфессия өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларымен кездесіп, жиналғандарды атаулы мейраммен құттықтады. Өңір басшысы елімізде дінаралық татулықтың күн санап салтанат құрып келе жатқанын айтып, оның нақты дәлелі ретінде таяуда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзін мысал етті. 

Сайрам ауданының 90 жылдығы аталып өтті

Түркістан облысында Сайрам ауданының 90 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара Ақсукент елдімекеніндегі Мәдениет үйінде бастау алды. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

Түркістан облысы: 9 айда 2420 нысанның құрылысы тексерілген

Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы тексерілді. Оның ішінде жеке қаражат есебінен – 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан бар. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов мәлім етті. 

Түркістан қаласында 8 медициналық мекеме бой көтереді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Ол облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.