Түркістан: Сарыағашта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының 2019 жылдың ІІІ тоқсанына арналған отырысы болып өтті.
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының 2019 жылдың ІІІ тоқсанына арналған отырысы болып өтті.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Сарыағаш ауданының мақтанышы Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында облыстық Ханбибі оқулары байқауы ұйымдастырылды.
Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиев түркі әлемінің астанасы – Түркістан және алаштың төртінші астанасы болған – Сыр өңіріндегі киелі жерлеріне рухани сапар жасауға ұйытқы болды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестік төрайымдары, жастар ресурстық орталығының басшысымен белсенді жастары және Қапланбек, Жемісті ауылдық округ әкімдері қатысты.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Жастар жылына орай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шара енді Қазығұрт ауданында жалғасатын болды.
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 3600-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 436,3 мың адам қатысқан. Сондай-ақ, облыста ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында 2019 жылдың 9 айында 466 спорттық шара ұйымдастырылып, оған 50 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Полат мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қарашада еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқанын өткізілді. Жоспарға сәйкес, Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 22 қараша күні сағат 17:00-де аудан тұрғындарына кеңес берілді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Сарыағаш ауданында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — кез келген құқықтық мәселелер бойынша халықтың білікті мамандардан тегін заң көмегін алуын қамтамасыз ету болып табылады.
Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан республикалық "Менің Туым - Менің Отаным" акциясы «Сайрам аудандық оқу-өндірістік комбинаты» мен Сайрам аудандық орталық кітапханасында жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, азаматтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық-құқық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті ІVтоқсанына арналған отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Мақтаарал ауданында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру, тегін заң көмегін көрсету болып табылады.