Шымкентте ұландықтар тәуелсіздік күнін атап өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының барлық аудандарында санитарлық тазалық іс-шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтсақ, Абай ауданының Ынтымақ-2 шағынауданында, Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданында, басқа да аудандардың аумағында кең көлемде сенбілік өтті.
Шымкент қаласында Таза Қазақстан республикалық акциясы жалғасын табуда. Жыл басынан бері шағын аудандар мен елді-мекендерде, тұрғын үй алқаптарында өткен жиын жыл соңына дейін жалғаспақ. Шалғай аудандарда ұйымдастырылған акцияға тұрғындар мен тазалық қызметкерлері қатысты.
Тазалық шаралары Тұран ауданында да жалғасын тапты. Республика даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің ауласы тазаланып, жол бойы шөптен аршылды.
Бүгін қалалық Абай атындағы кітапхананың 70 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді. Бұл тарихи шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ, студент жастар қатысты. Мерекелік кеш мазмұнды бағдарламасымен және рухани байлығымен ерекшеленді.
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қала тұрғындарымен және жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – цифрландыру мен инновация бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру және атқарылған жұмыстарды саралау болды.
Гандболдан Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен сары құрлықтың бәсекесінде аруларымыз өз тарихында төртінші мәрте жүлде жеңіп алды. Он күнге созылған жарысқа 8 елден, екі топқа бөлініп кіл мықтыны анықтады. Ұлттық құрама 4 кездесу өткізіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімі аппаратының өкілдері, қалалық полиция департаментінінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Сәулет және қала құрылысы басқармасының газ-техникалық бөлімінің жетекшілері, қалалық әкімдік басқармаларының өкілдері, сауда орындарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 366 отбасындағы 736 адам «қандас» мәртебесін алып, 48 отбасыдағы 64 адамның мәртебесі 6 айға ұзартылды. Қандас мәртебесін алғандардың ішінде 365 ер адам мен 371 әйел бар, олардың 234-і 18 жасқа дейінгі балалар, ал 90-ы зейнеткерлік жастағы азаматтар. Шымкентке қоныс аударған қандас отбасыларда 412 адам еңбекке қабілетті.
Таяуда Сауран ауданына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іссапармен барды. Сапар аясында жергілікті этномәдени бірлестіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, мешіт имамдарымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.