Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылында соңғы жеті жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген

Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауылында соңғы жеті жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл – жай ғана статистика емес, ауылдағы ағайынның ауызбіршілігін көрсеткен берекелі ауылдың айқын көрінісі.

Сауран ауданы: заңсыз құрылыс пен жер пайдалану мәселесі бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан аумағындағы заңсыз құрылыс нысандары мен жер учаскелерін заң талаптарын бұза отырып пайдалану мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға тиісті салаға жауапты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысты.

Созақ ауданы: мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Отырарда Халықаралық жастар күніне орай «Жастар – жаңа дәуірдің жарқын болашағы» атты мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық белсенділігін арттыру және жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды. Іс-шара Темір ауылының орталық алаңында ұйымдастырылып, мерекелік алаң жастардың рухына сай безендіріліп, заманауи және патриоттық әуендермен сүйемелденді.

Созақ ауданы: жылу мен ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары аудан әкімінің бақылауында

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақылап, орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылындағы көпір құрылысының барысымен танысты

Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылындағы аудандық маңызы бар «Хантағы – Каратау қорығы» автомобиль жолы бойында орналасқан көпірді реконструкциялау жұмыстарының барысын бақылады.

Сауран ауданы: Абай ауылы алкогольден бас тартып, тұрғындар ортақ шешімге келді

Бабайқорған ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық қоғамдық ұйымдардың бастамасымен «Арақсыз ауыл» жобасы және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптары аясында кездесу өтті. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ардагерлер, дін өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Qalqan: медициналық көмекті қаржыландыруды цифрландыру

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру жүйесін одан әрі жетілдіру және бизнес-процестерді цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Осы мақсатта медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесі – жоспарлау, сатып алу, мониторинг жүргізу және төлем жасау кезең-кезеңімен Qalqan цифрлық сервисіне көшірілуде.

Кентау қаласында әлеуметтік қолдау және тұрғын үйлерді табиғи газға қосу мәселелері талқыланды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында әлеуметтік қорғау және тұрғын үйлерді табиғи газға қосу бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды.