Отырар – тарих пен руханият тоғысқан туризм орталығы

Отырар ауданына деген туристердің қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Биылғы жылдың бүгінгі күніне дейін қасиетті Отырар өңіріне 185 870 турист келіп, ауданның тарихи-мәдени және рухани мұраларымен танысты.

Созақ ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы ұлықталды

Қожа Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Ясауи керуені» ағартушылық-философиялық ілімін дәріптеу мақсатындағы аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.

Кентау қаласы мен Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр

Кентау қаласында 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 1,34 шақырымды құрайтын Қаратөбе, Балбырауын, Ақбикеш-1, Ақбикеш-2 көшелері мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленген.

Сауран ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Сауран ауданында су тасқыны қаупінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар аумақтарда инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру және су өткізу қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Қате төленген МӘМС төлемдерін қалай қайтаруға болады

МӘМС бойынша қате немесе артық төленген төлемдерді қалай қайтаруға болады? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне артық немесе қате аударылған жарналар, аударымдар және уақтылы немесе толық төленбегені үшін есептелген өсімпұл сомаларын қайтару үшін өтінішті дұрыс толтыру қажет.

Түркістандағы әрбір құрылыс нысаны тұрғындар мен туристерге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталуы тиіс

Түркістан қаласында қала құрылысы талаптарын сақтау, сәулеттік келбетті қалыптастыру және инвестициялық жобалардың сапасын арттыру мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалығымен қалалық қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Лейшманиоз: белгілері және алдын алу шаралары

Климаттың жылынуы және оңтүстік өңірлерде москиттердің көбеюі лейшманиозды жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Лейшманиоз – инфекцияланған қан сорғыш жәндіктердің, атап айтқанда москиттердің шағуы арқылы таралатын паразиттік ауру.

«Түркістан әуендері» мерекелік концерті өтті

Түркістан қаласындағы «Жасанды көл» саябағында ашық аспан астында «Түркістан әуендері» атты мерекелік концерті өтті. Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті.