Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды
Кентау қаласы С.Сейфуллин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында «Эко-Аула KENTAU» экологиялық жобасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға аула тұрғындары, жастар, еріктілер, ата-аналар мен мектеп оқушылары белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарды. Балалар үшін қызықты экологиялық ойындар мен танымдық тренингтер өткізіліп, табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.