Түркістан облысы: Кентауда заманауи екі жаңа өндіріс орыны ашылды
Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Kentau Cable Industries» компаниялар тобы жүзеге асырған екі жаңа өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель шығаратын «Kentau Cable Industries» зауыты мен электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін «ElectroCore» зауыты ресми түрде пайдалануға берілді.