Түркістан: инвестициялық штаб отырысында жүзеге асатын жаңа жобалар жайлы айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында жүгезе асатын жаңа жобалар жайлы айтылды. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң.

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛДІ

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.

Бұл бағытта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс істейді. Онда 1 мыңнан астам маман қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері 3346 адам оңалту шараларымен қамтылған. Оның ішінде 953 азаматқа әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып қызмет көрсетеді.

Басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмыс барысына да тоқталып өтті. Әлеуметтік қызметкерлер ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсету мақсатында 8 бағытта қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, экономикалық, мәдениет және әлеуметтік-құқықтық қызметтері бар. Оның ішінде үйде қызмет көрсету жағдайында ерекше балалардың денсаулығына қарай төсектен тұру, киіну, жуыну, тамақ ішу мәдениеті, дәрет ыдысын пайдалану, серуенге шығу, сабағын дайындау секілді қызметтерді көрсетіп, қоғамға бейімдейді.

Сала мамандарына артылған талап пен міндет те жоғары. 1 шілдеден бастап күшіне енген әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі ұсынылуда. Осы мақсатта 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалды. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, көрсететін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат болады. Бұл қызметті тұтынушыларға бәсекелестік ортадағы әлеуметтік қызметкерлерді таңдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз кәсіби біліктілікті бағалау жүйесінен өткен, сертификатталған мамандар ғана жіберіледі.

 

Түркістан облысы: Сауран ауданы әлеуметтік-экономикалық даму үстінде

Сауран ауданы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Бірақ, біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерде жоқ емес. Көнені қайта жаңғырту, тұрғындар талабын орындау, ауылдарды көркейту басты назарда.

Отырарлық азамат өз ауылына көпір салып беріп, елдің батасын алды

Киелі ауданда игілікті іс шаралар жалғасын табуда. Отырар ауданындағы Ескі Шілік елді мекенінде ауыл арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ету үшін Беларық каналының бойынан көпір салынып, ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғыны Құдіретілләұлы Нұрсейіт ауылдастарына арнап көпір салып, елдің батасын алды.

Түркістан облысында 5 жылда 110,2 мың гектар жерге 170,0 млн. ағаш көшеттері отырғызылмақ

Түркістан облысы әкімдігі мамандарының, экологтар мен халықаралық сарапшылардың басын қосқан жиында Түркістан өңірінің жасыл аймағын күтіп ұстау мен көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды. Пленарлық отырыста мамандар Түркістанда тек өңірдің топырақтық – климаттық жағдайына бейімделген ағаштарды отырғызу және жаңа технологияларды енгізу, орман тұқымы аумағын қалыптастыру, тұқымбақ шаруашылығын кеңейту туралы тоқтамға келді.

Сауран ауданында 21 атауы жоқ көшеге атау берілген

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі семинар бұл жолы Сауран ауданында жалғасты. Семинардың тақырыбы «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер».

Түркістан облысында биыл 76 елдімекен табиғи газға қосылады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, брифингте өңірді газбен қамту жұмыстары мен қауіпсіздік шаралары жайлы айтылды. 

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗҒА "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Кунтаева Марфуга - жаңаша ойлайтын, қарапайым,оқушының ойына сенім ұялата алатын, түсінігі мол, білімді, өз кәсібінің майталманы.

Сонымен қоса отбасында жолдасы екеуі бір қыз тәрбиелеп отырған мейірімді ана. Күйеуі Туреходжаев Абдижайбар Жахаевич еңбек жолын Шымкент әскерилендірілген теміржол бекетінде оператор қызметінен бастаған. Бүгінде "Көкжал" аналитикс қауіпсіздік қызметінің күзетшісі. Қазіргі уақытта қызы Жақай Махаббат Абдижайбарқызы "Профарма" компаниясының бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

Оқыту мен оқуда құзыреттілік танытатын көшбасшы ұстаз. Қазіргі заман талабына сай өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын, сабақтарында инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланатын, әр баланың жан дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы білікті педагог-маман. Ұстаз өзінің адамгершілігімен, асыл қасиеттерімен де ұжымда жоғары беделге ие. Сонымен қатар, гимназия сыныптарын өзінің авторлық бағдарламасы бойынша оқытады.

2008 жылы «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты облыстық байқауда І дәрежелі дипломды иеленді. Шешендік өнерге баулудағы тәжірибесі арқау болған бірнеше мақалалары мерзімдік республикалық, облыстық, қалалық баспасөз беттерінде жарияланып отырды. Кунтаева - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен болған мұғалімдердің олимпиадасының да жеңімпазы .Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақты жаңартудың интербелсенді әдістері,оқыту әдістерін жаңа тұрпатты сабақты құрылымдауда тиімді қолдану, олардың ерекшелігі туралы өзінің тәжірибесін 2018 жылы «Жаңа тұрпатты сабақты құрылымдау» атты әдістемелік нұсқаулық құралы арқылы облыс, қала мұғалімдерімен бөлісті. 2019 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Мың бала» интеллектуалды орталығы білім порталы «Үздік сабақ жоспары» атты республикалық байқауына қатысып І орын алды.

2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып,білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін дипломмен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының «Үздік қазақ тілді интернет –сайт сыйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған 2-дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Ұстаздан шәкірт озады» демекші, өзі тәрбиелеген оқушылары биік тұғырдан көрінуде. 2009 жылы республикалық Х Абай оқулары байқауында Сапарбеков Бекжан 2-орынды және республикалық «Ақ қауырсын»- 2 шығарма байқауында шәкірті Санақұл Шаһар 3-орынға ие болды.

Кунтаева Марфуга оқушылардың рухани әлемін сәулелендіру мақсатында оқырмандықты дамытуды арнайы курс арқылы жүргізіп келеді. Нәтижесінде шәкірттері А.Байтөре ,М.Құралбай , А.Асылбек 2015 жылы «Kel ,balalar, okylyk» ұлттық сауаттылық қауымдастығы ұйымдастырған «Ойлы оқырман» республикалық байқауында «Ең қызықты кітап» номинациясы бойынша І, ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

Өз пәнінің шебері білім нәрімен сусындатқан оқушылар Курбенова Маржан 2009 жылы, Тұрсынбай Жансая 2010 жылғы облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері ретінде С.Демирел атындағы ОАУ –нің гранттарына ие болған. Қазақ тілі мен әдебиетінен болған облыстық пән олимпиадасында 2016, 2017, 2018 жылдары, яғни үш жыл қатарынан шәкірттері: Санақұл ШаҺар , Жанбырбаева Зарина, Асей Мадина жүлделі І орынды иеленген болатын.Биылғы республикалық пән олимпиадасында 11 -сынып оқушысы Асей Мадина жүлдегер атанды. «Жарқын болашақ» олимпиадасының да қалалық, облыстық кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегерлері де Марфуга Абуталиповнаның шәкірттері. Қазақ тілінен болған халықаралық «Nalanda» қашықтық олимпиадасына 21 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға ие болған.Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы 2016 жылы «Эрудит» Интеллектуалды білім порталының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған байқауында 11 –сынып оқушысы Арапбай Ақниет 1- дәрежелі дипломмен марапатталған . 2017 жылы 10-сынып оқушысы Батырбек Аружан 8-11-сынып оқушылары арасындағы Семей қаласында өткен «Ақберен» IV республикалық ақындық және шешендік өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаз атанған.

2019 жылы 7- сынып оқушысы Абуталип Тоғжан «Мәңгілік ел жастары» республикалық онлайн байқауының ІІ орын дипломмен марапатталған. 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Абай мұрасы танымдық порталы ұйымдастырған «Көңілімнің санасы» байқауында 7»Д» сынып оқушысы Абитова Алтын 1- орынды, Абай мұрасы танымдық порталы ұйымдастырған «Көзімнің қарасы» байқауында 7»Д» сынып оқушысы Алатай Нұргүл 2-орынды иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері Кунтаева Марфуга сабақ беретін мектеп бітіруші түлектердің білім сапасы 100%-ды құрайды.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 279 ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваеваның қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен брифингте мәлім болды.

«Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2023 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», - деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.

2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.

Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 888 пәтер берілмек. Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;

өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);

тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;

иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.

«Тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек. 2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа тұрғын үй субсидиясы берілді. Азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануы үшін басқарма тарапынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге мониторинг жұмыстары жүруде. Мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды» - деді Ж.Өмірсейітқызы.

Жалпы 2023 жылға 200 млн. теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертифаттарын беру жоспарланып, төлем э 170 азаматқа 149,1 млн. тг. Берілді (көпбалалы отбасылар – 76, толық емес отбасылар – 16, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 74, мемлекеттік қызметкерлер – 4). Өтінім қабылдау жалғасуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.