ШЫМКЕНТТЕ 67 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2023 жылы бюджет есебінен жалпы 144,9 млрд. теңгеге 160 нысанның құрылысын жүргізілуде. Осы жылы 98 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған.

Оның ішінде 9 айдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метрді құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға берілді. Айта кету керек, оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық үй. Ал 31 нысан келесі жылға өтпелі.

Бүгінгі таңда Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің 54 пәтер құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ Бозарық шағын ауданында 54, Ақжайық сити шағын ауданында 26, Тұран шағын ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, нарықтан 1405 арендалық пәтер сатып алынады. Жұмыс істейтін жастарға 900, Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 505.

Қазіргі таңда, жастарға 420, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алынды.

Қалған 31 тұрғын үйдің (1050 пәтер, 82,3 мың ш.м) құрылысы келесі жылға өтпелі.

Шымкенттегі «Шым сити» шағын ауданында салынып жатқан 2066 орындық Конгресс-холл сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 90%-ға орындалды. Үшінші мегаполистің келбетін ашатын Конгресс-холл көп функциялы мәдени және ойын-сауық сарайы ретінде ашылмақ. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол.

Шымкентте 2023 жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылсын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Ал 1-нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады, қалған 1 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.

Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жалпы 33,5 млрд теңгеге 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 9 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Ал 3 мектептің құрылысын жыл соңына дейін бастау жоспарлануда.

Қалған 6 мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар.

Шымкентте 2023 жылы 18 инфрақұрылым нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде 12 инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.

Сонымен қатар Бозарық шағын аудандағы 9 нысан мен Тұран шағын ауданы 4 нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделіп отыр.

Әкімшілік іскерлік орталықтың 4 нысаны 2023 жылы тапсырылатын болса,

Ақжайық шағын ауданына қарасты 1 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

 

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы тұрғындарға атқарылар жұмыстардың негізгі басым бағыттарынан хабардар етіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады.

Алдымен аудан әкімі Боранбай Болатбеков өткен 9 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Тұран ауданында 220 мыңнан аса тұрғын бар. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 99,5 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 95,5 пайызды құрайды. Ауыз су және электр желісімен қамтуды келесі жылы 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 17 көше жарықтандырылса, биыл 22 көшені жарықтандыру жоспарда.

Қазіргі уақытта ауданда жоспарға енген 22 көшенің 12-де жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Биыл 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстары жүргізілуде.

– Бұған дейін төрт ауданның тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдадым. Бүгін сіздермен танысып, көкейлеріңізде жүрген мәселелерді өздеріңізден естіп, жұмысты жүйелеу үшін келіп отырмын. Жаңадан құрылған аудан болғандықтан әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Барлық сала бойынша мәселелер, кезең-кезеңімен, бюджетке байланысты шешіледі. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан ең көп көтерілген мәселелерден хабардармын. Енді осы бағытта бірлесе жұмыс істейміз, – деді қала әкімі.

Жиында тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, әлеуметтік мәселелер бойынша талап-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені тұрғындары жарықтандыру мәселесін көтерсе, Самал-1 шағынауданы тұрғындары демалыс орны қажеттігін, Ақтас шағынауданы тұрғындары балабақша, қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрады. Сондай-ақ, көшелерді асфальттау, атау беру, ирригация жүйелерін орнату, әлеуметтік мәселелер де айтылды.

Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 есе өскен

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Әкім халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Сауран ауданының басшылары Жүйнек, Қарашық, Шорнақ ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады

Кеше Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Жүйнек, Қарашық, Шорнақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Түркістан мен Чжэнчжоу қаласы арасында меморандум жасалды

Түркістан облысына Қытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласынан делегация келді. Түркістан облысынның әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянмен келіссөздер жүргізді.

Жетісай ауданында «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп отырғандардың қатары артып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді.

Сауран ауданындағы 3 елді мекенге жыл соңына дейін көгілдір отын кіргізілмек

Жаңа Иқандықтар көптен күткен көгілдір отынға қосылып, қуаныштары еселенді күні кеше. Мемлекет басшысының Қазақстан аймақтарын газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында аталмыш жоба жүзеге асырылуда. Газды қосу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты.

Түркістан: мемлекеттік сатып алу жүйесінде 346 млн. теңге үнемделген

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген кезекті мониторинг нәтижесімен 346 млн. теңге үнемделген.

- Агенттік еліміздің әрбір өңірі үшін жүйелі мәселелерді шешу мақсатында әзірлеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын құрып отыр. Біздің аймақ бойынша аталған картаға медицина, білім беру, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, құрылыс және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және қаржы салалары енген. Бүгінгі таңда талдау жұмыстары жүріп жатыр. Өздеріңізге белгілі, Агенттік қызметінің басты мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Департамент белсенді азаматтарды «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде ерікті болуға шақырады. Жоба аясында өңірдегі өзекті мәселелерді ұсынып, бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін қадағалауға немесе аймақтағы проблемалық мәселелерді бақылауға болады. Өңірден бүгінгі күні 88 ерікті осы жоба бойынша көмек көрсетуде, - деді Мұрат Ахтанұлы.

Айта кетерлігі, соңғы 4 жылда жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге жәрдемдескен 49 тұлғаға 7,2 млн теңге сыйақы берілген. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке жүгіне алады немесе Агенттіктің 1424 CaII-орталығына хабарласа алады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»