«Отырар» жазғы балалар сауықтыру лагері өз жұмысын бастады

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын мазмұнды өткізу мақсатында жұмыс істейтін «Отырар» жазғы балаларды сауықтыру лагерінің жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті.

Отырар ауданында полиция күніне орай шағын футболдан турнир өтті

23 маусым – Қазақстан Республикасы Полициясы күніне және Қазақстан полициясының құрылғанына 34 жыл толуына орай Отырар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Отырар ауданы: аппараттық мәжілісте ауыз су мәселесі мен егіс науқанының жай-күйі сараланды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы жауапты сала басшылары Қуаныш Сейітов пен Бекжан Әшімов баяндама жасады.

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Шымкентте 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді

Бүгінде компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, зертханалық зерттеулер және бейінді мамандардың консультациялары халық арасында жоғары сұранысқа ие медициналық қызмет түрлері. Биылғы жылдың 5 айында Шымкент қаласында тұрғындарға МӘМС аясында 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.

Шымкентте 174 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуде

Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында мәлім етті. 

Шымкент: МӘМС жүйесіндегі студенттерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға мамандар жауап берді

Әлеуметтік бағдарламаның басты мақсаты — халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және қолжетімділігін арттыру.

Еске сала кетейік, бүгінде Шымкентте жалпы халық саны 1,1 миллионға жуық адамды құрайды. Олардың 85 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Оның ішінде 800 мыңнан астамы жеңілдік санатына кіретін азаматтар. Мемлекет ол тұрғындар үшін сақтандыру жарналарын төлеп, медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 212 мыңнан астады.

Альцгеймер ауруы - ми жасушаларын жояды

Профессор Хильмар Бадинг басқаратын Гейдельберг университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруы кезінде нейрондық өлімді тудыратын молекулалық механизмді анықтап, оны бөгеуге қабілетті препаратты тапты. Бұл жөнінде «Science Daily» хабарлады.

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласында 58,5 млрд теңгенің 377 жобасы жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте талқыланды.

12 мыңға жуық адам кенеге қарсы егілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кенелердің маусымдық белсенділігі кезеңінде шұғыл профилактика жүргізуге ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда 12 мыңға жуық адам кене шаққаннан кейін уақытылы кенеге қарсы иммуноглобулин алды.