Сібір жарасынан сақ болыңыздар!
Шымкенттік мамандар Сібір жарасы – жұқпалы ауру, оның қоздырғышы – спора түзуші бактерия екенін айтуда. Бұл инфекция жануарлардан адамға жұғатын ауру, әдетте, шөпқоректі (сиыр, қой,ешкі сияқты) жануарларды зақымдайды. Бактерия топырақта ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін, споралар түзеді. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады, көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар ауру малдардан жұқтыруы немесе малдан алынатын бұзылған өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін.