Түркістан обылысындағы кітапханалар 200 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсеткен
Биыл Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 4 жыл толып отыр. Осы кезеңде кітапхана саласын дамытуға, оқырман санын арттыруға және жаңа инновациялық бағыттарды енгізуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Төрт жыл ішінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы сан мыңдаған оқырманның жүрегіне жол тауып, білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналды.