Бұған дейін еліміздің білім саласы қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланбағандықтан пегагогтар мен ата-аналарға, оқушыларға жаңа жүйені меңгеру оңайға соқпағаны рас. Дегенмен, балаға ата-аналар тарапынан моралдық қолдау қажеттілігі байқалды. Осыны ескерген министрлік балаларға үй тапсырмасын бермейді. Тек оқу тапсырмалары 10-15 минутқа лайықталған шағынсабаққа негіздепті. Ары қарай оқушы өзіндік жұмысын ата-анасы мен педагог көмегімен орындайды. Қашықтан білім алу кезінде оқушылардың білімі «Күнделік.кz» пен «І-mektep» атты электронды журналда бағаланады. Ол платформаға ата-аналар еркін кере алады. Ал, мұғалім кері байланыс жүргізу арқылы оқушылардың толыққанды білім алуын барынша қамтамасыз етіп отыр.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 6-ыншы сәуірден бастап Шымкенттегі жалпы білім беретін 172 мектеп, 222 037 оқушы ІV тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады. Білім беру ресурстарына қала оқушылары 100% тіркеліпті. Оны республикалық рейтинг растап отыр. Мұғалімдер мен оқушылар платформалармен жұмыс істеу әдістемесімен танысып, арнайы нұсқаулықпен дайындық жұмыстарын жүргізген. «Осындай сын сағатта барынша сақтық шараларды сақтап, мектеп-ұстаз- ата-ана- оқушы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай бірлікте болуы қажет-ақ. Бірге болсақ, біз жеңбейтін қамал жоқ» - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»