Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев Мәжіліс депутатымен кездесті
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғановпен кездесті. Басқосуда өңірдегі білім саласының бүгінгі жай – күйі кеңінен сөз болды. Кездесу барысында аймақ басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді негізге ала отырып, облыстағы білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйеілі жұмыстарға тоқталды.