Түркістан облысы: білім саласына жемқорлықты жоятын жаңа жобалар енгізілмек
Апта басында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, Облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық білім беру ұйымдарының 1300 басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.