Ауыр атлетикадан Түркістан облысы ашық кубогының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Шардара қаласының спорт кешеніндеШардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналған ауыр атлетикадан 2003 жылдан төмен туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Түркістан облысының ашық кубогының ашылу салтанаты өтті. 

Түркістан облысы: Шардара СЭС жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады

Мамандардың сөзінше, қуаты аз, ескірген генераторлардың орнына СЭС-ті жаңғырту бағдарламасы аясында 2019 жылдың бірінші жартысында әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын екі жаңа су агрегатының (ГА-1 (2019 жылғы 25 ақпанда) және (ГА-2 (2019 жылғы 28 сәуірде) пайдалануға берілуі генерациялау жоспарын асыра орындауға мүмкіндік берді.  «Шардара СЭС» АҚ 2019 жылдың басынан бері жоспарланған 301 900 мың кВт сағаттың орнына 403 655 мың кВт сағаттан астам электр энергиясын өндірді. Осылайша су электр станциясы электр энергиясын генерациялаудың жылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады.  

Түркістан облысы: Шардара ауданы тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовпен келісіліп, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков бекітіп берген, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан наразылық факторларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді. 

Түркістан облысы: Шардарада 700 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылған

Шардаралық оқушылар жазғы демалыстарын пайдалы әрі тиімді өткізуде. Шардара ауданында жазғы демалыста 700 оқушы қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерімен қамтылған. 

Түркістан облысы: Шардаралық спортшылардың республикада шоқтығы биік

Спортшылардың кәсіби мерекесіне орай қаладағы орталық стадионда салтанатты іс-шара өткізілді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған мерекелік шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, Шардара спортының республикада шоқтығы биік екенін атап өтті. 

Түркістан облысы: Шардаралық мақташылардың жаңа әдісі мол өнімге жол ашты

Шардара ауданы биыл мақта өнімін екі есе мол алуды жоспарлап отыр. Жаушықұм ауылдық округіне қарасты «Иіржарагро» шаруақожалығы 350 гектар жерге мақтаның жергілікті сортын еккен. Сонымен қатар шаруа қожалығы алқапты тамшылатып суғару әдісін де қолға алған. Оңтайлы іске көшкен шаруалар былтырғымен салыстырғанда биыл өнімді мол жинайтынына сенімді. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында спортшыларға құрмет көрсетілді

“12-тамыз – Спортшылар күні” мерекесі қарсаңында шардаралық спортшылар марапатталды.Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы шәкірттерін жеңіс тұғырына жетелеп жүрген ардагер спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттап, сый-сияпат жасады. 

Осы RSS каналға жазылу