Шымкентте биыл 1 мыңнан астам адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданады
Отандық өндірісті дамыту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылуда. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 2431 азамат түрлі мамандық бойынша оқу ұйымдарына мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Биыл кәсіпорындар мен мекемелердің сұранысы бойынша 1 110 жұмыссыз азаматқа қайта оқыту курсына жолдама беріледі.