Түркістан: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық - 11 мектеп, 600 орындық - 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық - 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық - 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады.

Түркістан: облыс әкімі «Арманда» білім беру форумының жетекшілерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Арманда» республикалық форумын өткізу үшін Түркістан өңіріне келген белгілі медиаменеджер Арман Давлетяров пен қоғам белсендісі, танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызымен кездесті.

Түркістан: Жетісайда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 3600 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Түркістан: облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша үздік атанды

Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өтті.

Түркістан: Сауран ауданында облыстық кітапханашылар слеті өтті

Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты.

Түркістан облысының үздік шахматшылары анықталды

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20 шахматшы бақ сынады. Нәтижесінде 52 жастағы Нартай Ердіханов жүлделі І орын тұғырынан көрінді.

Түркістан облысы: Отырарда дәндік жүгері дақылының өнімділігін арттыруға арналған семинар өтті

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Дәндік жүгері дақылының өнімділігін арттыру» жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинарға Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің ғалымдары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, аудан шаруалары қатысты.