Шымкентте оқу процесіне дайындық барысы пысықталды

Шымкент қаласындағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын. Оқыту форматы екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі «Дарын онлайн» тегін платформасы. Ал, екіншісі ғаламтор арқылы байланысуға мүмкіндігі жоқ оқушылар үшін телеарналар арқылы күнделікті сабақ оқи алады. «Ел Арна», «Балапан», сондай-ақ жергілікті «Оңтүстік» телеарнасы арқылы кесте бойынша сабақ өтетін болады.

Сайрам ауданында 2 жаңа мектеп, 5 қосымша оқу ғимараты пайдалануға беріледі

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Ақсукент ауыл округіндегі М.Горький, №97 Сұраншы батыр және №61 Титов атындағы мектептерін аралап, қосымша оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Түркістан: Жетісай ауданында ыңғайластырылған мектеп болмайды

Аудандағы жалпы орта мектептерде оқитын оқушылардың білім сапасын арттырып, әлемдік деңгейге көтеру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен бұрынғы ыңғайластырылған ескі ғимараттар типтік үлгідегі заманауи білім ұяларымен алмастырылып жатыр.

Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық жұмыс істейді

Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық қарастырылған. Осы уақытқа дейін 20 қоңырау шалынып, 6 отбасына өз өтініштері бойынша мектептен уақытша компьютер берілді. 3 жанұя демеушілер тарапынан интернет трафигіне қосылды.Жалпы, қашықтықтан оқыту бойынша 312 мұғалімге және 452 оқушыға уақытша пайдалануға мектептен компьютер берілді.

Шымкенттік оқушылар интернет платформада білім алу бойынша республикада 1-орында

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған.