Республиканың жас педагог мамандары Түркістанда бас қосты

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында республикалық ашық алаң өтті.

Түркістандағы «Ақжайық» саз мектебінде өткен ашық алаңға Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының жас педагогтері, мектеп директорының бейіндік және инновация бағытындағы орынбасарлары, «Үздік педагог» грант иегерлері, Түркістан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Төлебаев, психолог мамандары, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Д.Айкозова, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі А.Панова мен кафедра әдіскерлері қатысты.

Алаңның мақсаты жас педагогтердің көшбасшылық қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру, республика көлемінде жас педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету болып табылады. Алаңдағы басты міндет педагогтерді қолдау, жас педагогтердің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін күшейту.

Алаңға модераторлық жасаған Созақ ауданы А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Аманов Бауыржан Бағланұлы білім сапасын арттырудағы көшбасшылық қасиеттің маңыздылығы туралы өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, пәнді оқытудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологияның көмегімен жасаған жаңа инновациялық жобалық әдістерін таратты. Түркістан облысының жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев жастардың көшбасшылық қабілетін дамытудағы қызықты мәліметтерге толы шетелдік тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға мүмкіндікті пайдалану жолындағы ақпараттарымен жаңаша кәсіби серпіліс сыйлады.

Павлодар облысы «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Шыңғыс Молдасапар «Тик-Ток» әлеуметтік желісі арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру», Солтүстік Қазақстан облысы «Бексейіт орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Акежан Мақсатұлы Қажығалиев «Дебат арқылы тұлғаның көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыптарында онлайн-презентация жасады. Ал СҚО «Калинов орта мектебі» биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сабина Ержанқызы «Биология сабақтарында дарынды оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында жоба әдісін пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында жоба дайындау алгоритмдері бойынша жүргізген жобалық жұмыстарының тәжірибелерімен алмасты.

Түркістан облысы Жетісай ауданы №39 Асықата мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманов Ғалымжан Бағжанұлы «Кері байланыс жай ғана тәсіл емес ол оқытудың негізі» деген шебер-сыныбын өткізіп, жас мамандармен кері байланыс әдісін тәжірибеде көрсетті.

Алаңға қатысушылар жастар ресурстық орталығының психолог мамандарымен бірге сергіту жаттығуларын жасады.

Қатысушылар жас мамандардың көшбасшылық қабілеттін арттырудағы көкейтесті мәселелері туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

 

Түркістан: «Ұлтының ұлы ұстазы» атты концерттік кеш өтті

Түркістандағы NIS-те Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ұлтының ұлы ұстазы» атты концерттік бағдарлама мен әдеби мерекелік кеш өтті.

Салтанатты шара оқушылардың Алаш зиялыларын сахналаған қойылымынан бастау алып, концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік кеште «Байтұрсынұлы өлеңдеріне сурет салу» және «Байтұрсынұлы оқулары» бағыты бойынша өлең оқу байқаулары ұйымдастырылды. Аталмыш шараға зияткерлер қатысып қана қоймай, №28 мектеп-лицейінің оқушыларыда атсалысып, ағартушының шығармаларын дәріптеуде өлеңдері мен мысалдарын мәнерлеп оқуда бақ сынасты.

Мерекелік жиын соңында «Байтұрсынұлы өлеңдеріне сурет салу» және «Байтұрсынұлы оқулары» бағыты бойынша өлең оқу байқауларынан «Үздік оқырман» номинациясы бойынша жүлделі орын алған және белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Ел ертеңі мен өркендеуі үшін жан аямай қызмет еткен, «Ұлт ұстазының» өмір жолы мен ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әрекетін насихаттау өскелең ұрпақтың қасиетті борышы болып қала бермек.

Түркістан: TEDx NIS talks алаңында мектеп мақтаныштары

Бүгін «Қазақ тілінің жаңа кеңістігі» апталығы аясында мектеп мақтаныштары атанған зияткерлер «TEDx NIS talks» алаңында «Әлемді өзгертетін ойлар бізден басталады» ұранымен жетістікке жету жолында өз ойларын ортаға салды. Айта кетейік шараға №24 мектеп лицейінің ұстаздары мен оқушыларыда қатысты.

Алғашқы спикер болып 9 А сынып оқушысы Даулет Маханбеталиев сахнаға шығып, «Жетістікке жетудегі дағдылар» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Даулет 2021-2022 оқу жылында республикалық желілік пәндік олимпиадада география пәнінен 3 орын алып, мектеп мақтанышы атанды. Бүгінде ол жеткен жетістіктерін көрсете отырып, қатарластарының алдында үлгі болып отыр. Даулет өз сөзінде олимпиадаға дайындық барысы жалпы пәнге деген қызығушылығы туралы сөз қозғады.

Екінші спикер 8 М сынып оқушысы Зиеда Абдугаппарова мектептегі «Reading Ranking» кітап оқу рейтингісі бойынша екі ай ішінде 12 кітап оқыған. Осы жетістігі үшін директор Балқан Касимов мектепішілік кітап сыйлау акциясында арнайы марапаттап, кітап тарту еткен болатын. «Мен және жалқаулық 1:0» тақырыбында жалқаулықты жеңуде көмектесетін өз лайф-хактарымен бөлісті.

Үшінші спикер Жібек Алпысбай түрлі ғылыми жобалар авторы, халықаралық семинарларға қатысушы, мектепішілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, республикалық деңгейде өткен WRO-2022 олимпиадасында еліміздің жас өнертапқыштары бас қосқан алаңда бақ сынасып, арнайы мадақтамалар мен марапатталған. Жібек өз сөзінде оқумен қоса ғылыми жобаларға даярлық барысын қатар алып жүру, уақытты тиімді пайдалану жайлы кейстер мен әдіс-тәсілдерін айтып өз идеяларын ортаға салды.

Төртінші спикер Төрехан Сания ғылыми жобаларға қатысушы және авторы, қазақ әдебиетін оқуда өз таным көкжиегін кеңейтуде тигізген пайдасы мен әр зияткер оқу қажет үздік шығармаларды тізбектеп көрсетіп «Қазақ әдебиетін не үшін оқу керек» тақырыбында оқушыларға тиімді кеңестер айтты.

Шара соңында мектеп директоры сөз сөйлеп, дауыс беру бойынша анықталған үздік спикер Даулет Маханбеталиевке арнайы мадақтама табыстады. 4 спикер ішінен үздік идеясын жеткізген Дәулетке қазақ тілі ӘБ әлемдік бестселлер «Атом әдеттер» атты кітапты сыйға тартты.

Түркістандық «Зияткерлер» ғылыми жобаларын қорғады

Зияткерлік мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

Түркістан қалалық NIS-тің зияткерлері Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары мен PhD докторлары, профессор, доценттер және аға оқытушы ұстаздар алдында ғылыми жобаларын қорғады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында зияткерлердің түрлі бағыттағы жобаларына ХҚТУ-нің білікті ұстаздары 4 секция бойынша әділ-қазылар алқасы ретінде баға берді:

- физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым;

- математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;

- химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы;

- тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет бағыттары бойынша әр секцияда әділ-қазылар алқасы және жоба жетекшілерінің қатысуымен жүргізілді.

Жалпы саны 60-қа жуық жобалар қорғалған жиында ХҚТУ-нің зияткерлердің жобаларына әділ қазылық етуде оң бағасын берді. Сонымен қатар, жоба жетекшілері мен мектеп ұстаздары қазылар алқасымен жобалардың іске асуына байланысты пікір алмасып, кеңес алып өз ойларын ортаға салуда тиімді кері байланыс орнатты.

Осы орайда мектеп директоры Балқан Касимов оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына әділ бағасы берген университеттен келген ғалымдарға және ХҚТУ ректоры Жанар Темірбековаға алғыс білдірді.

Зияткерлердің зерттеушілік қарым-қабілеттерін арттыруда ұйымдастырылған бұл басқосу жоба жетекшілері мен оқушыларға ғылыми жобаға даярлық барысында және оны іске асыруда өз септігін тигізді.

 

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР «DARYN» ЗИЯТКЕРЛІК ШОУЫНЫҢ ТҮСІРІЛІМНЕ ҚАТЫСТЫ

«Хабар» телеарнасы, ғылым-білімдідамытуғабағытталғанбасымдықтардыіскеасырумақсатында «DARYN» аттызияткерлік- тележобаұйымдастырылды. Ағымдағыжылғы 13-15 қыркүйеккүндеріӘл-ФарабиатындағыҚазақҰлттықуниверситетіндежәнеСүлейменДемирелатындағыуниверситіндетренингөткізілді.

Тренингтыңмақсаты - мектепоқушыларыныңоқу-білімгеқызығушылығынарттыруды, әділеттібәсекелестіктіқалыптастыруды, еліміздегіұстаздармәртебесіннығайтудыәрібарлықөңірдегідарындыбалалардыхалыққатанытудыкөздейді.

Тренингеліміздіңмәдениетін, ғылым-білімсаласындағыжетістіктерін, спорт, медицинатабыстарын, атаулыкүндерментарихитұлғаларөмірін, шығармашылығынт.б. қамтиды.

2022 жылғы 16-18 қыркүйекаралығындатүсірілім «I MEDIA» продакшнкомпаниясының, Студиялықпавильонындаөтті.

Шымкентқаласыбойынша «DARYN» зияткерлік-тележобаныңшоуынажалпы 20 оқушықатысып, оныңішіндетүсірілімкезеңіне 7 оқушыөтті.

1.АбдухоликовАзизбек, 90 дарындыбалаларғаарналғаниектепгимназиясының 11-сыныпоқушысы;

2.АбдуганиевРамазанАдилбекович, 90 дарындыбалаларғаарналғаниектепгимназиясының 11-сыныпоқушысы;

3.ҚалдыбайАружанНұржанқызы, Дарындыбалаларғаарналған1 мамандандырылған IT-лицейинтернатының 11-сыныпоқушысы;

4.ТөреқұлШұғылаБердиярқызы, Дарындыбалаларғаарналған1 мамандандырылған IT-лицейинтернатының 11-сыныпоқушысы;

5.АббасАяжанХамитқызы, 25 ТұрарРысқұловатындағымектеп-гимназиясының 11-сыныпоқушысы.

6. НадирханГулназ, Дарындыбалаларғаарналған1 мамандандырылған IT-лицейинтернатының 11-сыныпоқушысы;

7. НасырханШадиярАлмасұлы, Дарындыбалаларғаарналған1 мамандандырылған IT-лицейинтернатының 11-сыныпоқушысы;

Түсірілімгеөткеноқушыларалғысхаттарменмарапатталды.

Шымкент: Биыл магистратуралық білім беру бағдарламасына 65 мемлекеттік қызметші құжат тапсырды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы брифинг берді.

«2022 жылы магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға 65 мемлекеттік қызметші құжат тапсырды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп болды, себебі биыл оқуға қабылдау талаптарынан ағылшын тілін оқығандығы жөніндегі білімі туралы сертификат тапсыру алынып тасталынды. Қатаң конкурстық іріктеу нәтижесінде, 65 үміткердің ішінен оқуға тек 4 мемлекеттік қызметші қабылданды.

Оқытудан өткен мемлекеттік қызметшілермен кері байланысты күшейту мақсатында Филиал қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарлар бағдарламаларының сапасын жоғарылату мен мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыратын құзыреттерді дамытуға қайта бағдарлау мақсатында постмониторинг жүргізіліп отырады»,- деді филиал басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 Қаулысына сәйкес және мемлекеттік қызметшілердің сараланатын, негізгі құзыреттерінің бірыңғай шеңберіне негізделген, тәжірибеге бағдарланған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырады.

Мекеменің ағымдағы жылғы 8 айында атқарған жұмыстарына тоқталған спикер, филиал базасында жыл басынан бері 481 адамның 5 қайта даярлау курстары мен 19 семинарда оқытылуы жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін нақты 660 мемлекеттік қызметшілер 31 біліктілікті арттыру семинарлары мен 5 қайта даярлау курстарынан өткен. Өз кезегінде қаламыздың мемлекеттік және әкімшілік лауазымды қызметкерлері жоғары білікті кәсіби маман ретінде қалыптасып, алған білімдерінің арқасында өз саласында жоғары құзыреттілігі бар маман болуына, сондай-ақ, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы органдардан 56 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды, оның 26-ы сертификациядан табысты өтті.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін 4 қайта даярлау курстарында 95 тыңдаушылардың стратегиялық ойлауы мен болашақ құзыреттіліктерін көтеруге, тиімді коммуникациялық дағдыларын арттыруға және өңірлік компоненттерге басымдық береді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған 16 мемлекеттік қызметшілерге арналған 1 қайта даярлау курстарында лауазымды тұлғалардың стратегиялық менеджмент және кқшбасшылық тұрғыдан, жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару, тиімді коммуникациялық құзыреттіліктері мен өңірлік компоненттер сүйене отырып оқыту бағдарламасы құралады.

Дәрістерді филиалымыздың білікті профессорлары мен доценттері және арнайы конкурстан өткен тренерлер өткізеді.

Филиалда сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Академияның Шымкент қаласындағы филиалы 2022 жылға магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау туралы жұмысын кешенді түрде ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе Шымкент қаласы әкімінің аппаратына, әкімдіктің 22 басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне, орталық мемлекеттік органдарының аймақтық департамент қызметшілеріне 1 наурыз бен 23 шілде аралығында ақпараттық сессиялар, «Ашық есік» іс-шаралары, тікелей эфир, академияның түлектерімен және магистранттарымен кездесулер өткізілді.

Бұдан басқа, академияның магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау ережелері туралы БАҚ-да мақала жарияланып, филиалдың сайтында және әлеуметтік парақшаларында оқуға түсу ережелерін орналастыру жүйелі түрде жүргізілді.

 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІНЕ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ КЕРЕК

Түркістан қалалық  «Хамзаатындағы2 жалпыортамектеп» коммуналдықмемлекеттікмекемесінің "Химия" пəнібойыншамұғалім қажет. Ваканттыққызметкеөзбектіліндеоқытатынсыныптарындабайқаужарияланады, лауазымдықжалақысыпедагогикалықөтіліменбіліктіліксанатынабайланысты 110 мыңтеңгеденжоғары.

Химияпəнімұғалімі (өзбексыныбында) – 1 (16 сағат)

Негізгіфункционалдықміндеттері:

Мемлекеттікжалпығаміндеттібілімберустандартынасəйкесоқытылатынпəнніңерекшелігінескереотырып, білімалушылардыоқытудыжəнетəрбиелеудіжүзегеасырады;

Білімалушыментəрбиеленушітұлғасыныңжалпымəдениетінқалыптастыруғажəнеоныəлеуметтендіругеықпалетеді, білімалушылардыңжекеқабілеттерінанықтайдыжəнедамытуғажəрдемдеседі;

Білімалушыдапедагогқақұрметпенқарауғатəрбиелейді, педагогтыңатыменəкесініңатыбойыншасыпайықарым-қатынаснемесе "учитель/мұғалім" тікелейқарым-қатынасарқылықарым- қатынастыңіскерлікстиліменсөйлеуэтикетінсақтауғаүйретеді;

Білімалушылардыңжекеқажеттіліктерінескереотырып, оқытудыңжаңатəсілдерін, тиімдінысандарын, əдістеріменқұралдарынқолданады;

Пəндербойыншақысқамерзімдіжəнеортамерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімүшінжиынтықбағалаужəнетоқсанүшінжиынтықбағалауүшінтапсырмаларжасайды;

Бөлімбойыншажиынтықбағалаудыжəнетоқсанбойыншажиынтықбағалаудыөткізуқорытындысыбойыншаталдаужүргізеді;

Журналдардыэлектрондықтолтырады;

Оқуүрдісіндезаманауиақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардықолданады;

Оқупроцесіндеқарапайымбағдарламалыққамтамасызетудіжəнеақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардыңқосымшаларынпайдаланады;

Білімалушыларментəрбиеленушілердіңмемлекеттікжалпығаміндеттібілімберустандартындакөзделгендеңгейдентөменеместұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пəндікнəтижелергеқолжеткізуінқамтамасызетеді;

Оқубағдарламаларын, оныңішіндеерекшебілімберілуінеқажеттілігібарбілімалушыларғаарналғанбағдарламалардыəзірлеугежəнеорындауғақатысады, оқужоспарынажəнеоқупроцесініңкестесінесəйкесолардыңтолықкөлемдеіскеасырылуынқамтамасызетеді;

Білімалушылардың, тəрбиеленушілердіңжекеқабілеттерін, қызығушылықтарынжəнебейімділіктерінзерделейді;

Инклюзивтібілімберуүшінжағдайжасайды;

Ерекшебілімберуқажеттіліктерібарбілімалушыныңжекеқажеттіліктерінескереотырып, оқубағдарламаларынбейімдейді;

Арнайыбілімберуұйымдарындаоқытылатынпəнніңерекшелігінескереотырып, дамудағыауытқулардыбарыншаеңсеругебағытталғанбілімалушыларды, тəрбиеленушілердіоқытужəнетəрбиелеубойыншажұмыстыжүзегеасырады;

Интерактивтіоқуматериалдарыменцифрлықбілімберуресурстарынпайдаланаотырып, қашықтықтаноқытурежиміндесабақтарұйымдастырады;

Əдістемелікбірлестіктердің, мұғалімдерқауымдастығының, əдістемелік, педагогикалықкеңестердің, желілікқоғамдастықтардыңотырыстарынақатысады;

Ата-аналарғаарналғанпедагогикалықконсилиумдарғақатысады;

Ата-аналарғакеңесбереді;

Кəсібиқұзыреттіліктіарттырады;

Еңбекқауіпсіздігіжəнееңбектіқорғау, өрткеқарсықорғауқағидаларынсақтайды;

Білімберупроцесікезеңіндебілімалушылардыңөміріменденсаулығынқорғаудықамтамасызетеді;

Ата-аналарменнемесеолардыңорнындағыадамдарменынтымақтастықтыжүзегеасырады;

Тізбесінбілімберусаласындағыуəкілеттіорганбекіткенқұжаттардытолтырады;

Білімалушыларментəрбиеленушілерарасындасыбайласжемқорлыққақарсымəдениетті, Академиялықадалдыққағидаттарынбойынасіңіреді.

Біліктілігінеқойылатынталаптар:

- тиістібейінбойыншажоғарыжəне (немесе) жоғарыоқуорнынанкейінгіпедагогикалықбілім;

- біліктіліктіңжоғарыдеңгейініңболуы (мүмкіндігінше);

- педагогикалықжұмысөтілініңболуы (мүмкіндгінше).

Кəсібиқұзыреттіліккеқойылатынталаптар:

Білугетиіс:

ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы, ҚазақстанРеспубликасының "Білімтуралы", "Педагогмəртебесітуралы", "Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы", "ҚазақстанРеспубликасындағытілтуралы", "Кемтарбалалардыəлеуметтікмедициналық-педагогикалықжəнетүзеуарқылықолдаутуралы" заңдары, білімберудіңмемлекеттікжалпығаміндеттістандартыжəнебілімберудідамытудыңбағыттарыменперспективаларынайқындайтынөзгеденормативтікқұқықтықактілер;

оқупəнініңмазмұны, оқу-тəрбиепроцесі, оқытужəнебағалауəдістемесі;

педагогикаменпсихология;

пəндіоқытуəдістемесі, тəрбиежұмысы, оқытуқұралдарыжəнеолардыңдидактикалықмүмкіндіктері;

педагогикалықэтиканыңнормалары;

медиациятехникасыжəнеқақтығыстардышешумүмкіндігі;

оқукабинеттеріменқосалқыүй-жайлардыжабдықтауғақойылатынталаптар;

құқықнегіздеріжəнееңбекті, экономиканығылымиұйымдастыру;

еңбекзаңнамасыныңнегіздері, еңбекқауіпсіздігіжəнееңбектіқорғау, өрткеқарсықорғауқағидалары, санитариялыққағидаларменнормалар.

Кəсібиқұзыреттіліктіайқындайотырып, біліктіліккеқойылатынталаптар:

оқупəнініңмазмұнын, оқу-тəрбиепроцесін, оқытужəнебағалауəдістемесінбілуітиіс;

білімалушылардыңпсихологиялық-жасерекшеліктерінескереотырып, оқу-тəрбиепроцесінжоспарлаужəнеұйымдастыру;

білімалушыныңжалпымəдениетінқалыптастыруғажəнеоныəлеуметтендіругеықпалету;

білімберуұйымыдеңгейіндегііс-шараларғақатысу;

білімалушылардыңқажеттіліктерінескереотырып, тəрбиелеуменоқытудажекетəсілдіжүзегеасыру;

кəсіби-педагогикалықдиалогдағдыларынмеңгеру, сандықбілімберуресурстарынқолдану;

Құжаттардықабылдаумерзімі: 19.09.2022-26.09.2022 (осыуақытаралығында This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасынажіберілгенқұжаттарқаралады)

Конкурсқақатысуүшінқажеттіқұжаттартізімі:

1) Конкурсқақатысутуралыөтініш;

2) жекебасынкуəландыратынқұжатнецифрлыққұжаттарсервисіненалынғанэлектрондықұжат (идентификацияүшін);

3) кадрлардыесепкеалубойыншатолтырылғанжекеіспарағы (нақтытұрғылықтымекенжайыменбайланыстелефондарыкөрсетілгенбарболса);

4) Педагогтердіңүлгілікбіліктіліксипаттамаларыменбекітілгенлауазымғақойылатынбіліктілікталаптарынасəйкесбілімітуралықұжаттардыңкөшірмелері;

5) еңбекқызметінрастайтынқұжаттыңкөшірмесі (барболса);

6) "Денсаулықсақтаусаласындағыесепкеалуқұжаттамасыныңнысандарынбекітутуралы" ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрініңміндетінатқарушының 2020 жылғы 30 қазандағыҚРДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілгеннысанбойыншаденсаулықжағдайытуралыанықтама (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде 21579 болыптіркелген).

7) психоневрологиялықұйымнананықтама;

????наркологиялықұйымнананықтама;

9) Ұлттықбіліктіліктестілеусертификаты (бұданəріҰБТ) немесепедагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердіңбіліктіліксанатыныңболуытуралыкуəлік (болғанжағдайда).

10) Соттылығыныңболуынемесеболмауытуралыанықтама

11) 11-қосымшағасəйкеснысанбойыншапедагогтіңбоснемесеуақытшабослауазымынакандидаттыңтолтырылғанБағалаупарағы + портфолио

Конкурстыөткізумерзімі:

27.09.2022 – құжаттардықарауЕскерту: жоғарыдааталғанқұжаттарсәйкескелмесеконкурсқақатысаалмайды.

Мекен-жайы: Түркістанқаласы, С.Қожанов46

Почталықиндекс: 161225

Почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Телефон: 3-19-44

Түркістандағы NIS-те «Берік отбасы» жобасы басталды

 

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі ауқымды жобалардың бірі -  «Берік отбасы» жобасы.Аталмыш жоба Түркістандағы NIS-те де бастау алды. 35-тен астам елде өз тиімділігін дәлелдеген «Берік отбасы» халықаралық жобасы 2018 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылуда.

Жоба мақсаты – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – отбасы құндылығын сақтауға, ата-аналарға/қамқоршыларға балаларына қолдау көрсете білуді, күн тәртібін бұзбай, бала тәрбиесімен айналысуға икемдеуді, сонымен қатар балалардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың ата-анасымен жақсы қарым-қатынас орнатуына жол ашу, жасөспірімдерді күйзеліспен күресуге және құрдастары тарапынан болатын қысымды жеңіп шығуға тәрбиелейді.

Бағдарламаның негізгі басты кейіпкерлері Зияткерлік мектептің жаңа мүшелері 7-сынып оқушылары және олардың ата-аналары. Жеті бөлімнен тұратын жобаның алғашқы бөлімі «Махаббат пен шектеу» тақырыбында жүргізілді.

Бірінші бөлімнің алғашқы сағатында ата-аналар мен оқушылар бөлек кабинеттерде орналасып тренер фасилитаторлармен бірге бағдарламаның мазмұнымен танысып, тапсырмалар орындады. Ата-аналармен жұмыс жасауда тренер ретінде мектеп психологы Жанна Арынбаева Маратқызы мен фасилитатор ретінде педагог-куратор Жанар Алтыбаева Аманқызы жобаның мазмұны және әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Ал оқушыларға тренер болған педагог-куратор Іңкәр Болатқызы мен фасилитатор Алима Үсенқызы бағдарламаның алғашқы бөліміндегі негізгі тақырыптар жайлы жалпылама сипаттама беріп, пікірталастар өткізіп, сергітетін ойындар ойнатып, арнайы жаттығуларды орындатты.

Бірінші сессияда бағдарлама туралы ақпараттармен көрнекі роликтер және өмірден алынған түрлі жағдаяттар жиналған арнайы бейнематериалдар ата-аналар назарына ұсынылды.

Видеороликтерде бейнелеген түрлі жағдаяттарды ата-аналар өз бастарынан кешкен оқиғалармен байланыстырып, қатал және қатал емес ата-ана болуда махаббат пен шектеу қоя білуде, мәселені шешу жолында өз пікірлерін ортаға салды.

Ал екінші сессияда отбасылық басқосу болып, ата-аналар тренингтен алған әсерлерін айтып, бірінші бөлімнен-ақ балалармен диалог құруға және олардың тілектері мен қажеттіліктері туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік алғанын айтады.