Түркістан: Шардарадағы жағажайда қауіпсіздік пен тазалық жұмыстары күшейтілді
Шардара – тек экономикалық емес, туристік әлеуеті жоғары аудан. Сондықтан мұндағы әрбір нысан мен табиғи аймақты тәртіпке келтіру – ортақ міндет. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймаққа арнайы барып, Шардара жағажайы маңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.