Жиында Семей полигонының зардабынан қаза болған азаматтар бір минут үнсіздікпен еске алынып, полигон зардабын жою жұмыстарына қатысқан азаматтардың ел алдындағы еңбегіне құрмет көрсетілді. Шара барысында сөз алғандар Семей полигонының жабылуының тарихи маңызына тоқталып, бейбітшілік пен ел бірлігінің құндылығын атап өтті. Іс-шара соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған азаматтардың рухына тағзым етілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат