Руханият

Руханият (140)

Сауран: «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында кездесу өтті

Бүгін Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округіндегі Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Сауран ауданы: қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы, Шорнақ елді мекеніндегі А.Байтұрсынов атындағы атындағы жалпы орта мектебінде қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, әсемдік, жақсы қарым-қатынас секілді ұғымдарды таныстыруға бағытталды.

Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмек

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Облыс әкімі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі таңдағы жай-күйін баяндап, алдағы таңда атқарылатын жұмыстардың жайымен бөлісті.

Түркістан облысы: Арыста «Әже – ұлт ұйтқысы» атты мерекелік шара өтті

Арыста «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Шара қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орайластырылды. Мерекелік кешке шаһар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге Түркістан облысынан келген қадірлі қонақтар қатысты.

Түркістанда дін мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші Ұлттық құрылтайдың отырысында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты тақырып аясында көтерген рухани мәселелерді жүзеге асыруды мақсат еткен дөңгелек үстелге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Н.Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Закиева, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының өкілдері және құқық қорғау органдарының өкілдері, дін (мешіт) қызметкерлері, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелері, оңалту саласына жауапты дінтанушы-теолог мамандар, қала, аудан әкім орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің дін саласына жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

Осы RSS каналға жазылу