Руханият

Руханият (124)

КЕНТАУ: «ДІН —ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

 

Бүгін Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тарапымен бірге «Дін —тәрбие діңгегі» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қала аумағында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы, діни экстремизмнің теріс пиғылды ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дін мәселерінің насихаттау мақсатында өткен отырысқа қаладағы мектептердің жоғары сынып оқушылары мен NEET санатындағы жастар қатысты.Бүгінгі таңда Қазақстан үшін негізгі қауіпті факторларының бірі — діни экстремизм. Бұл факторды, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақтандыру үшін (әсіресе бірқатар проблемалық аймақтарда) Қазақстанда арнайы мемлекеттік орталықтар жұмылдырылған. Кейбір сарапшылардың сөзіне сүйенсек Қазақстанда ислам экстремизмінің даму қарқыны 2011 жылдан бастау алды деседі, экстремистердің іс-әрекеттері әсте терроризм әдістеріне көшуі, билікпен қарулы қарсыласу кезеңі деп атап өтіледі. «Білім» мәдени-оқыту орталығының директоры, сарапшы-саясаттанушы Р.Иржановтың мәлімітіне сүйенсек елімізде соңғы он жылдың көлемінде 14 террористік іс-әрекет орын алып, жалпы 90 адам қайтыс болған. Ал, 2016 жылы Ақтөбе қаласында лаңкестік шабуылдар болды, оған негізінен жастар қатысты, сол жылы Алматы қаласындағы жалғыз террористік акті болды. Ақтөбе облысы мен Алматы қаласындағы болған оқиғалардан 27 адам қайтыс болған болса, олардың арасында 18 террорист пен 4 құқық қорғау органдары және 5 бейбіт тұрғын құрбан болған. Террористік шабуылдар негізінен құқық қорғау жүйесіне, соттарға, түзеу мекемелеріне қарсы бағытталған және көбінесе жарылыстар, соның ішінде жанкешті-террористер арқылы жүзеге асырылды. Сонымен бірге «Халифат сарбаздары» (Жунуд аль-Халифат), «Дін қорғаушылары» (Ансар-уд-дин), «Бейбарыс батальоны» және тағы басқалары осы террористік ұйымдардың Қазақстанда орын алған террористік актілерге қатысы белгілі болды.Қазақстан тарихында болмаған осындай террористік оқиғалардан кейін мемлекет тарапынан тез арада іс-шаралар қолға алынды. 2016 жылғы террористік актілер мемлекеттің зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қарсы практикалық шараларын жүйелі және жан-жақты нығайтудың жаңа кезеңін бастады. «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, діни қатынастарды оңтайландыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданып Елбасымыздың 2017 жылғы 20 маусымдағы жарлығымен бекітілді. Кейін Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.Мемлекет сарапшылары террористік актілердің басты себебін халық арасындағы діндарлықтың өсуінен деп алға тартады, бірақ біз бұл жерде діндарлықтың өсу процесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекеттің сыртқа ашықтығы жағдайындағы табиғи процесс деп түсінеміз. Себебі Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған жылдардан бастап экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздегенде, тарихын, шекарасын түгендеп жатқанда ислам атын жамылған көптеген жат ағымдар бас сұғып келгені ақиқат. Деструктивті діни ағымдардың пайда болысымен, олардың таратқан ақпараттарынан дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар көзқарас, ұстанымдар шыға бастады. Бұл бүлікшілер елімізідегі діни сауатсыз, жұмыссыз, әсіресе жастар арасынан өз жақтастарын тауып, өзімізге қарсы қойып және еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқы бірлігіне сызат түсіруге тырысты. Жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту арқылы ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізді.Қазіргі таңда Қазақстанның  барлық облыстарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы орталықтар республика көлемінде қарқынды жұмыстар жүргізуде.Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикалдық топтың және 34 жекелеген экстремистің қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.

2019 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатысуымен 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыруға, жеке мүлікті ұрлауға, есірткі құралдарын өткізу мен сақтауға және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар болған. Сонымен қатар, діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған дерегі анықталды. Аталған кезеңде тәртіп сақшыларымен деструктивті діни ағымдарды ұстаушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 16-ы діни сипатты бұзғаны үшін құрықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы бойынша радикалдық көзқарастан 907 адам қайтарылды. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы радикалсыздандырылды. Жергілікті жерлерде «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы  әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасуда. Жалпы, қай елге болмасын экстремизммен терроризм деген ешқашан береке әкелген емес. Терроризм мен экстремизм өршіген елдерге тек соғыспен тоқырау әкелгенін білеміз. Зұлымдық пен жанкештікке тек діни сауаты жоқ адамдар барады. Ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. Ал, бірліктің, бейбітшіліктің, татулықтың алмаған асуы жоқ. Келер ұрпағымыздың болашағы мен жарқын келешегі үшін қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды. Себебі, білім, ғылым, денсаулық, экономика бәрі-бәрі де тек бейбіт күнде ған да дамымақ.

Жастар мамандардың айтқан деректерімен дәйектерін мұқият тыңдады. Көкейінде жүрген сұрақтарын да қойып, жауап алды.

Зайырлы ғылым және дін қатынастары

Біз өмір сүріп жатқан технологиялық ғасыр, ақпараттық-коммуникациялық төңкеріс ғасыры дейміз, сондай-ақ спутниктер, бағдарламалар және жаһандану ғасыры немесе ғаламтор дәуірі деп әртүрлі атаулар берудеміз. Бұл дәуірдің өткен ғасырлардан мүлде ерекше екендігі айдан анық.

Тұнғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, неге әлемге әйгілі ірі дамыған он мемлекеттің тізімінде бірде-бір мұсылман елі жоқ. Бәлкім, бұл мұсылман әлемі нақты жауап таба алмай келе жатқан сұрақтардың бірі болар? Күн сайын Батыс елдері мен Азия елдерінде жарық көріп жатқан таңқаларлық ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, ислам әлемін ерекше толғандырады. Ғылыми төңкеріс дәуірінде мұсылман елдері өздерінің қаншалықты артта қалып жатқанын аңғара бастады.

Ал, сонау VIII-XIV ғасырларда араб елдерімен қатар, Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамығаны тарихтан белгілі. Бұл құбылыс «Ислам Ренессансы» деген атауға ие болған еді. Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, оның ішінде Орта Азия ғалымдары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте ерекше екенін атап өткен жөн. Кезінде Ислам шығысы әлемнің түкпір-түкпірінен білім алғысы келетіндер жиналған әлемдік ғылымның орталығы болғанын бәрі біледі. Осылайша мұсылмандар ғылымның барлық саласын жоғары деңгейде дамытып, өркениеттің дамуына барынша үлес қосты. Діни ғылымдар мен басқа ғылымдар үйлесімділік тапты. Білім-ғылымның арқасында мұсылман елдері әлемдегі ең күшті мемлекетке айналды.

Сонымен, бүгінгі таңда мұсылмандар елдерінің артта қалуының себебі неде? Осыған байланысты бүгінгі ғылыми еңбектер мен баспасөз беттеріндегі мақалаларға назар аударсақ. Біріншіден, ХІV ғасырдан бастап Ислам ғылымының құлдырау кезеңі басталды, ал бұлай болуына тарихшылар әртүрлі болжам жасаған. ХІV ғасырдан кейін Ислам ғылымының көптеген еңбектері латын тіліне аударылып, жалғасын Батыс Еуропа елдерінде тапты. Олардың ішінде музыка, философия, оптика, геометрия, астрономия, медицина туралы ілімдері кең тараған еді.

Екіншіден, Ислам діні ғылымды екіге бөлді. «Діни (шариғат) ғылым және дүниелік (зайырлы) ғылым» деп нақты айырып келген. Осы уақытқа дейін Ислам елдері діни білімдерге басымдық беріп, зайырлы ғылымдарды шектеді. Бұл мәселені мұсылман ғұламалардың еңбектеріндегі пікірлерді зерттеген адам ғылымдарды екіге бөлетінін көреді: шариғаттық ілімдер – тәфсир, хадис, фикһ, т.б. Шариғаттық емес ілімдер – философия, оптика, геометрия, астрономия, медицина, т.б. жай ғана оқуға көмекші құрал ретінде қарастырылды. Сонымен қатар олардың арасында дәреже, құндылық және артықшылық жағынан үлкен айырмашылық беріп келген.

Үшіншіден, XXI-ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестегі артта қалудың ауқымын нақты түсіну үшін төменде көрсетілген дамыған мемлекеттердің ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан кейін ҒЗТКЖ) жыл сайын қанша қаражат жұмсағанынан аңғаруға болады. Мысалы: АҚШ-476,5 млрд. доллар, Жапония-170,5 млрд. доллар, Қытай-370,6 млрд. доллар, Германия-109,8 млрд. доллар, Оңтүстік Корея-73,2 млрд. доллар, Франция- 60,8 млрд. доллар.

Енді өздерін ислам өркениетінің негізгі дамыған мемлекеттері ретінде көрсететін алты жетекші мұсылман мемлекеттері (Түркия, Мысыр, БАЭ, Пәкістан, Индонезия, Иран) ҒЗТКЖ-на жалпы алғанда жылына 42,7 миллиард долларға жуық қаражат жұмсаса, Оңтүстік Кореяның өзі ҒЗТКЖ-на 73,2 млрд доллар жұмсайды екен.

Сондай-ақ, Батыс және Азия ғалымдары Венера, Марс планеталарының жер қыртысы мен климатын соңғы ровермен (планета бетінде қозғалатын марсаход) ұзақ уақыттан бері зерттеп жатқанда, кейбір мұсылман елдерінде әлі күнге дейін Жердің тегіс немесе шар тәрізді екеніне байланысты бітпейтін дау-дамай жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл пікір-таластар қарапайым мұсылмандар арасында ғана емес, қазіргі дін ғұламалары тарапынан да қызу талқылануда.

Ал қазіргі таңда, өкінішке орай мұсылмандардың шариғат ілімдеріне ғана көңіл бөліп, жаратылыстану ғылымдарын дамытуда кенже қалып жатқаны жасырын емес. Шариғат ілімдерін ғана оқып, әлемнің жаратылыс құпияларын ашатын жаратылыстану білімдеріне мән бермеу мұсылмандар үшін жат, әрі өте қатерлі. Ислам дінінің көркейіп дамуы үшін шариғи білімдер қаншалықты қажет болса, жаратылыстану ғылымдарынсыз оны жүзеге асыру тіптен мүмкін емес. Неге десеңіз ол екеуін бір-бірінен бөліп-жаруға болмайды.

Діни ғылым арқылы біз Жаратушыны танимыз, ғибадатты дұрыс жасау жолдарын үйренеміз. Бұған дінді және шариғатты зерттеуге қатысты барлық ілім салалары жатады. Мысалы Құран ілімдері, сүннет және хадис ілімдері, ақида, фиқһ және оның негіздері, ахлақ, шариғатқа, дінге қатысты ғылымдар. Сонымен қатар, бұл бөлімге осы ғылымдарды үйрену үшін қолданылатын қосымша араб тілі мен әдебиеті, тарих т.б. секілді ғылым салалары да кіреді. Ал зайырлы ғылымдар дегеніміз адам өз өмірін жақсартуға, елін-жерін көркейтуге, қоршаған ортаны зерттеуге, ғаламды тануға арналған ғылымдарды жатқыза аламыз. Бұған медицина, геометрия, астрономия, химия, физика, география, биология, жер бетін және өсімдіктерді, жан-жануарларды зерттеуге арналған ғылым салалары жатады.

Бүгінгі таңда бұл екеуінің арасын бөліп тастау мұсылман мемлекеттерінің дамуы көшінен артта қалуына әкеліп соқтыруда. Орта ғасырларда Ислам діні осы зайырлы жаратылыстану секілді ғылымдар дамыған уақыттарда әлемді мойындатты, орта ғасырдың ең күшті дамыған мемлекеттеріне айналды, атақ-даңқтың шегіне жетті. Осы зайырлы ғылымдары дұрыс жолға қойылмай, зерттелмей қалған кездерде дамымай, артта қалды. Бұған тарихтың өзі куә. Сондықтан екі ғылымды да қатар алып жүру – адамзат баласының негізгі міндеті.

А.Дүйсен

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

теолог маманы

 

 

Қоғам тұрақтылығы контекстіндегі діни сананың маңыздылығы

Адам табиғатының ерекшелігі сол өткенін саралап, болашаққа жоспарлар құрудан тұрады. Мұның барлығы тікелей адам санасымен байланысты. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр.

Жалпы алғанда, діни санаға қатысты барлық мәселелер қоғамның, адам өмірінің өзгергендігін және олардың жаңа рухани құндылықтарға ұмтылып жатқандығын көрсетеді. Діни сана жаңа, жиі күтпеген және үйренбеген формаларда көрініс табуда.

Расында да, аяушылыққа, жұбатуға, шын жүректік қарым-қатынасқа деген  қажеттілік  көп адамда бар. Олар бұл қажеттілікті әр түрлі қанағаттандырады. Кейбірі қоғамдық ережелерді ұстанып, дінсіз қол жеткізсе,  ал  қалған  бөлігі діни сенім арқылы жүзеге асырады.

Дін – әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы, дамуы, өткен мен қазіргі ахуалы арнайы қоғамдық жағдайларымен ерекшеленеді.

Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дін ұстанбайтын халық жоқ. Яғни діни сананың пайда болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты. Діннің түрлері көп. Бірақ ислам діні, христиандық, буддизм сияқты әлемдік діндердің сыртқы өзіндік  ерекшеліктері  болса да,  олардың  ортақ  қырлары  басымырақ. Бұл ұқсастықтар, ең алдымен, адамзаттың бірлігімен, әлеуметтік даму процестерінің ұқсастығымен, психология заңдарының барлық адамзатқа ортақтығымен түсіндіріледі.

Діни сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы элемент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды.

Діни сана құрылымында маңызды компонент болып діни сезімдер табылады. Діни сезім ол, ең алдымен, сенушілердің мойындалатын объектісіне (Құдайға) және соған байланысты нәрсенің барлығына: орын, іс-әрекеттер, байланыстар, адамдардың бір-біріне, жалпы әлемге деген деген эмоционалды қатынасы. Діни сезімдер діни ойлар, аңыздар, көзқарастар, идеал, сенімдермен өзара байланысты. Сондықтан оның өз бағыты, мәні және мағынасы бар. Сенетін адамның діни сезімі оның рухани қажеттіліктері мен оларды бастан кешірулерінің объектісі болып табылады. Олар эмоцияға толы және өте сезімтал болуы мүмкін.

Діни сана – ол адамның белгілі бір діни идеялар мен құндылықтарға қатысы болуы, сонымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Адам өзін сенушімін  деп  санайды  және өзін қандай да бір дінге жатқызады.

Діни сана адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде және түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Бұл адамның діни қарым-қатынастар жүйесіне кіріктірілуі мен діни идеялар, құндылықтар, эмоционалды нормаларды қабылдау арқылы жүреді. Көп жағдайда діни сана отбасылық орта (отбасындағы діни тәрбие) мен айналасындағылардың, сонымен  қатар дінді үгіттеушілердің және т.б. әсері арқылы қалыптасады.

Кей  жағдайда  адам  ішкі  күйзеліс  (немесе дағдарыс) нәтижесінде эмоционалдық және психологиялық таңдауы арқылы «сенушілер» қатарына қосылып жатады. Мұнда көп нәрсе тұлғаның индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Бұл процесті діни тәжірибе деп атайды. Адам мен топтардың діни тәжірибесі уақыт өте келе әлемнің стереотипті бейнесіне және мұсылман, христиан болу дегініміз не, бұл топтың мүшелері басқа діни топтардан немен ерекшеленеді деген сияқты түсінікке айналады. Діни сананы діннің жетекші, анықтаушы элементі деп санайтын ғалымдар  арасында екі тенденция анық байқалады. Біреулері діни сананы интеллектуалды феномен ретінде талқылайды. Мұндай ыңғай тұрғысынан  дін мифологиялық жүйе ретінде ұсынылады.

Діни сананың рационалды немесе эмоционалды жағының басым болу мәселесі діни сананың түрлі деңгейлерінің өзара қатынас мәселесін қарастыруда жаңа қырына ие болуда.

Дамыған діни жүйелерде философтар мен әлеуметтанушылар, кем дегенде, екі нақты  анықталған  деңгейлерін көрсетеді. Олар үйреншікті тұрмыстық деңгейдегі діни сана және теориялық рәсімделген, концептуалды діни сана.

Тұрмыстық деңгейде сана діни сенімге қызмет көрсететін бейнелердің, түсініктердің, көңіл-күйдің, дәстүрлердің жиынтығы ретінде ұсынылады. Бұл деңгейде діни сенімнің рационалды, эмоционалды және ерікті элементтері көрініс табады. Қалыптасуы бойынша, ол индивидуалды-тұлғалық сипатқа ие.

Концептуалды деңгейдегі діни сана жүйелі дінді оқыту түрінде тіршілік етеді. Дінді оқыту мазмұны дінді оқытушы кітаптарда (Құран, және т.б.) қалыптасып, өзгермейтін формула түрінде діни ұйымдармен бекітілген. Дінді оқытудың мазмұны діни білімнің арнайы саласында дамып, негізделеді.

Діни тәжірибеге қасиетті мәтіндерді (мысалы, дұға, Құран және т.б.) және басқа да діни дәстүрлердің мәртебеге ие мәтіндерін білу жатады. Бұл өз кезегінде міндетті болып табылады. Ол дінге және оның өкілдерінің санасына тұрақтылық береді.

Қоғам мен мемлекетімізге әлемнің ғылыми бейнесін елестете алатын, білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар адамдардың санасын қажетті адамгершілік шеңберінде ұстап тұрушы рөлін атқаратын дін де сақталып келеді. Дін сенушілердің мінез-құлқын белгілі бір деңгейде анықтайды.

Қазіргі ғылым діннің кейбір догмаларын жоққа шығарады. Бірақ дін өзгеріп тұратын жағдайларға иілгіш және тез бейімделеді. Діни сананың сақталу себебі болып ғасырлар бойы сақталып келген және адамдардың тұрмысына толығымен енген дәстүрлердің тұрақты болуы да табылады. Үлкен рөлге адамдардың өміріндегі маңызды жағдайлармен байланысты діни орындарда өтетін салт-жораларға ие (адамның дүниеге келуі, үйлену тойы және т.б.). Діни сананың сақталуы мәдениеттің эстетикалық тартымдылығымен, діни сезімдердің эмоцияға толы болуымен, мейірімділік пен әділеттілікке деген сенім сезімдерімен байланысты. Діни ұйымдар өз қызметтеріне әрқашан архитектура, көркем өнер, мүсін, музыка, поэзия, театр сияқты өнер мен шығармашылықтың әртүрлі түрлерін қоюға тырысатын. Мұның барлығы діннің әсерін нығайтуға, сенімді мықты бекіту үшін жасалынатын. Көп жағдайда басым болып табылатын дін мемлекетпен, саяси билікпен бірігеді. Діннің сақталуына және кеңейтілген әсеріне адамдардың жүректеріне жол іздеуге тырысатын діни ұйымдардың (мешіт, медресе) белсенді іс-әрекеті септігін тигізеді. Мұндай жағдайда бейімделгіш және нақты әдістер қолданылады.

Дін – бұл нақты-тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін.

Сөзсіз, қоғамның діни санасы жеке тұлғаның діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам түрлі кезеңдерде дамудың маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі  принципі сақталуда.

Б.Өтеген 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы   

 

Түркістан: «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Бүгін Түркістан өңірінде өткен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына 50-ден аса тұрғындар келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.

Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов.

Науқанды ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары екенін айта кеткен жөн. «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты.

Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Түркістан: Жат ағымдардың айла-шарғысы көп

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Е.Тәңірбергенов атындағы индустриалды педагогикалық колледжінде болды.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Салафизм ағымының аса қауіпті екенін соңғы 10-15 жылдан бері зиялы қауым өкілдері айтып келеді,-деп бастады баяндамасын Дүйсен Асхат. – Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп тастады. Сондай-ақ, бетін тұмшалап, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге де келмейді. Қазақ қара киімді кісісі өлген кезде киген. Әрине, кім не киемін десе, соны киюге құқылы деген сөз бар. Бірақ ол басқа нәрсе, мынау – әдейі­леп тұрып бізге қарсы шығатын, қазақты бөлетін әрекет. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе? Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты сақтауымыз керек. Ата-бабаларымыз атамзаманнан бері бөрік киген, ал келіндеріміз орамал тартып, аналарымыз кимешек киген. Жастарымыз бізге керек емес, ата-бабамыз­дан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің жағдайы қалай болады? Біз оған жол бермейміз. Мына тәуелсіз елді оларды талтаңдатып қою үшін жасап отырғанымыз жоқ. Бізге Қазақстанның бірлігі мен болашағы және өсіп-өркендеп, зайырлы мемлекет болмағы керек,-деді ол.

Кейбір адамдар салафизм­нің аса қауіпті ағым емес еке­нін айтып, ақтап алғысы ке­леді. Бірақ та күнделікті өмір­де көріп жүргеніміздей, сала­фиттер намаз оқымаған ата-анасынан бас тартып, туған-туыстарымен араласпай кетіп жатыр. Мәселен, інісі ағасының үйіне барып, шәй ішуі мүмкін емес жағдайға айналды. Себебі жат ағымның жетегінде кеткен адам үшін намаз оқымаған бауыры кәпір болып саналады. Осының салдарынан бір ана, бір әкеден туғандардың арасындағы қарым-қатынас үзіліп, әртүрлі кикілжіңдер туындап жатыр. Ал дін исламда ет жақын адамдарыңнан бас тартпау керек екені туралы жақсы айтылғаны көпшілікке белгілі болса керек. Жоғарыдағы мысал отбасының арасындағы ұсақ-тү­йек кикілжіңнің бірі болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де, Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған қанды қырғынды қалайша естен шығаруға болады? Құдай оның бетін ары қылсын, бірақ салафиттер еліміздің кез келген қаласында бүлік шығаруы мүмкін.  Қазір біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзектісі – салафизм деген радикалды ағым. Дест­руктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды. Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз. Шетелдерден, белгілі бір шейхтардан белгі келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, Үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ. Салафизм ағымының елімізге келіп, орныға бас­та­­­ғанына 15 жылдан асты. Содан бері зиялы қауым өкіл­дері аталған ағымның аса қауіпті екенін айтып келе жа­тыр. Алайда құзырлы орган өкілдері ол кезде мәселеге жіті мән бермеген тәрізді. Егер билік осыдан 15 жыл бұрын салафизмге тыйым салып, оның «көсемдерінің» аты-жөнін жария­лағанда, тап бүгінгідей елімізге қауіп төнбес еді. Алайда ештен кеш жақсы демекші, ­Президенттің пәрменінен кейін салафизмге тыйым салатын жолдар қарастырылатын шығар? Мамандардың баяндамасын мұқият тыңдаған жастар бұл жиыннан түйгеніміз көп деп тарқасты.

ТҮРКІСТАН: Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы кәсіптік колледж

студенттерімен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Жат ағымдар бүгінгі күнде қоғамымызға көп зиян тигізуде. Қоғам бірігіп татулықта өмір сүрсе дінді де түсіндіру оңай болады. Егер де дін жайлы түсінігі аз, оқығаны аз болса оған өте күрделі дін мәселелерін түсіндіру ерте жасалған қадам. Ондай адамдарға Алланың нығметтері, жаратқан құбылыстарының таңғажайып қырлары т.б.  жайлы айтып дайындау керек. Жат ағым өкілдері ел арасында лаң салып қоғамды дүрліктірді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. дінді қиындатпаңдар оңайлатыңдар деген еді. Біздер соған амал етіп барынша Исламның жақсы жақтарын көрсетіп, дінді жаюымыз керек. Жат ағым өкілдері өз ата-анасынан бастап ағайын-туыстарын намаз оқымаса, ораза тұтпаса жерден алып жерге салып кіналай жөнеледі. Нәтижесінде одан көбісі теріс бұрылады. Дінге деген теріс пікір қалыптасады. Дінді өмірді қиындататын дүние сияқты көреді. Кезінде бір мұсылман адам басқа қалаға барып саудамен айналысқан. Сонда бір көмекшісіне сататын заттарын қалдырып шаруаларымен кеткенде, көмекшісі сапасында ақау бар бір затты қымбат бағаға сатып жіберген екен. Қайтып келген саудагер бұны білген соң, әлгі сатып алған адамның түр-сипатын сұрап базардан іздеген екен.  Әлгі тұтынушыны тапқан соң артық ақшасын қайтарып береді. Қымбат алып қойыпсыз деген сөзді саудагерден естіп көрмеген әлгі адам қай елден, қай дін өкілісің деп таңырқай сұрапты. Ислам деген дінді ұстанамын деп саудагер  мұсылмандық жайлы түсіндіріп өтіпті. Ислам діні енді таралып келе жатқан замандағы оқиға еді. Сол елдің халқы бір-біріне мұсылманшылықты мақтай отырып жеткізген екен. Нәтижесінде Алланың қалауымен сол қаланың көбі Ислам  дінін қабылдайды. Дінді таратқанда қоғамға пайдасы тиетін әділдікті, мейірімді бірінші орынға қойылатынын жеткізсе адамдар да тырысып жақсылыққа ұмтылады. Жат ағымдағылар, яғни діннен біреулерді бездіріп жүрген мұсылмандарға Алла сана берсін! – Сәләфизм немесе уахабизм мұсылман әлемінің барлығында дерлік пайда болып, көптеген мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсеткен ағым. Бүгінгі салафилерміз деп жүргендер Абу Ханипа салып кеткен мазхаб жолын мойындамайды, мазхаб имамдарының жолын ұстанбайды. Бастысы олар қазақы салт-дәстүрлерге түбегейлі қарсы. Олардың сөзіне сенсек, той жасауға болмайды, беташар деген дұрыс емес, жалпы алғанда ұлттық болмысқа тән қасиеттерді жоққа шығарып отырады. Мақсаты – жамағатын қоғамнан оқшаулап, өз мүддесіне пайдалануды ойластырады. Жат ағымдағылар айналаға аса байқатпағанымен өте ұйымшыл, қатарына тартудың насихат жолдарын жақсы меңгерген. Олардың арбауына кез келгеннің түсіп қалуы мүмкін. Жат пиғылдағылар көзі ашық, көкірегі ояу адамды арбай алмайды десек қатты қателесеміз. Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу, сол үшін дүрбелең туғызатын тобыр іздейді. Оның ішінде басқалар сенуі үшін сауаттылар міндетті түрде болуы керек. Осы себепті олар өзіне тартқан әрбір адамның психологиясымен әбден жұмыс жасайды. Қатарын көбейту мақсатында ағымға мүше атақты, бай адамдарды жарнамалайды. Оны көргендер бірден әлгі діни ұйымға бас ұрады. Одан басқа біреулерге материалдық жағдай жасалады, әке-шеше махаббатына сусап жүргендерге қамқоршы да бола кетеді. Әйтеуір олар қолданатын амалдар көп. Жат ағымдағыларды қалай ажыратуға болады деген сауалға келсек, біріншіден олар өздерін тым дөрекі ұстайды, намазға тұрғанда байқайтын шығарсыздар қусырған қолдарын көкіректеріне қояды, біздер болсақ кіндіктен төмен ұстаймыз. «Әмин» сөзін іштей емес, дауыстап айтады, дұға оқылып болған соң бет сипамайды. Кейінгі уақыттарда қулыққа басып дұрыс істегендей кейіп танытатындары бар, бірақ көңіл бөліп қараса жат әрекеттерді айқын аңғаруға болады, - деген мамандар өскелең ұрпақтың жат ағымның жетегінде кетпеудің жолдарын өздерінен сұрады. Бұдан соң басқосу сұрақ-жауап бағытында жалғасты.

 

Түркістан: БӨГДЕ БАҒЫТ БҮЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕДІ

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің студенттерімен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Дініміз ислам бейбітшілікпен ынтымаққа үндейтін жақсылыққа шақырып ізгілікті насихаттайтын зұлымдықпен жауыздыққа озбырлықты құптамайтын  асыл дін. Сол тыныштықпен бейбітшілік рәмізі болған дініміздің  бірлігіне сына қағатын тура жолдан адастырушы топтар бар екені мәлім. Оларды қазіргі таңда жат ағым, кері ағым, теріс ағым, адасқан ағым деген атаулармен атап жүрміз. Жалпы адамзат баласының азғындықтан сақтана алмай, бір нығмет іспетті болған дінді ұстануда адасулары, діннің атын жамылып өз жолдарына пасық пиғылдарына пайдалануға тырысып бағулары, тарихта бүлік істерімен қан төгістермен есте қалып, фитнашыл бүлікшілдер тізбегін жалғастырып келеді. Саф діннің тұнығын лайлаған діншіл радикалды әрекеттер қоғам тыныштығын бұзып, халықты діннен бездіріп жеккөрінішті етуде. Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз «Дін десе тұра қашты есті азамат», - деп осы жағдайды меңзегендей. Шынайы исламның дәстүрлі бағытын ұстанған ертедегі ата-бабаларымыз өз бата-тілектерінде «діннің апатынан сақта!», - деп тілеп отыратын. Бұл ретте діннің де өз ішінде жоятын апаты (сынағы) болатынын тап басып байқаған. Мысалы айтар болсақ, бір отбасында аға-бауырлардың әртүрлі діни бағыттарға кіріп бірін-бірі сыйламауы, адамгершілік қасиетті өзінің теріс діни танымымен өлшеуі, ата-анасын кәпірге шығару, өзінің бағытына ермегендерді (жаһил) наданға балауы сынды көптеген адасушылық пиғыл әрекеттер т.б. ардақты елші Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) Хазреті Усамадан жеткен мына бір хадисінде: «Бір күні Усама р.а  былай дейді, бір күні Алла Расулымен отырған едім. Сол күні ол Мәдинаның биік үйлерінің төбесіне шығып, айналаға барлай қарап тұрып бір мезет: дәл қазір үйлеріңнің арасында бүліктің нөсердей жауғанын көріп тұрмын,» деді, - деп, Алла елшісі өзінің өмірден өткен соң келеңсіздіктер орын алатынын байқаған болатын. Расында да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын дүниеден өткен кезеңдерден ағымдардың бастау алып, исламда бүлік топтар пайда болып қалыптасқан.Адасқан ағымдардың арасында ажырасу талақ айту, ата-анасын кәпірге шығару, бейіт басына құран оқымау, ас беру рәсіміне қатыспау, құран бағыштауға қарсы болу, дұға қылғанда алақанды жаймау және бет сипамау, сақалды бей-берекетсіз өсіру, балақты қысқарту, намаз оқығанда талтайып тұру, қолын кеудесіне қойып оқу сынды көптеген белгілері бар. Бұл белгілерінің барлығының шығу тегі Құран және сүннет біздің жолымыз деуінде жатыр, өзгелерді ширк бидғатпен айыптайды. Әсілінде құран және сүннетті ғалымдарымыздың түсіндіргеніндей ұстану болатын.Жалпы дін ұғымының ауқымы кең деп білсек, діни білімнің қалыптасуында мазхаб діни мектептердің орны ерекше. Біз ұстанатын діни жол Имам Ағзам Әбу Ханифаның Ханафи мазхабы, өзге үш мазхабтың ішіндегі ең үлкені. Аталмыш мазхабтарда қоғамдық ынтымақтастықты бұзбайтындай және бүлікке себеп болмайтындай қарама-қайшы пікір болса, оны пікір алуандығы рақымшылық деп қабылдаған. Тіпті «Қазы (сот) үкім беретін кезде ижтиһад етеді де дұрыс болғанын таба алса екі сауап, ижтиһадында қателессе бір сауап алады»,  деген. Сол ағымдардың қателіктерінің бірі құлшылық амалдарында «Менікі ғана дұрыс деуінде». Негізінде «Мен тек абзалын ғана ұстап жүрмін» деген ұстанымда болуы керек.Ислам әлемінде сенімге байланысты арпалыстың өршіген хижри екінші ғасырында иман сенім ұғымдарын нақыл және ақылмен қисын қағидаларын бекітетін кәләм ілімі пайда болды. Бұл ілімнің басында екі имам: бірі имам Матуриди екіншісі Әшғари болатын. Біздің сенімге қатысты Матуриди жолын ұстанып амал фиқһта Ханафи бағытын ұстануымыз сонау  ата–бабамыздан бері келген діни ұстанымымыз. Тарих қайталанатынын ескерсек өзгенің қаңсығын таңсық қылмай Матуриді ілімін зерттеп, Әбу Ханифа ұстанған бағытпен құлшылығымызды түгендеп иманның жемісін көру барлық азаматтың асыл парызы. Асыл дініміздің мақсаты да осы.Белгілі бір ағымның жетегінде құрыққа сырық болып жүрген адамның жылдар бойы сол ағыммен жүрседе ешқандай нәтижеге қол жеткізбеуі, алтын уақытының босқа кетуі, аяғында өкінішті жағдайларға алып баратын оқиғалардың орын алуы көптеп кездеседі. Атап айтсақ, Такфиризм ағымының ұстанушылары басым бөлігі жастық шағында эмоцияға берілгендіктен адасып кеткендер. Діни білімі артпақ түгілі оның айналасы салт-дәстүр тарих әдебиет өнер тағы басқа да қоғамдық салалардан кенжелеп дүмбілез догманың соңынан қартайғанша өнбейтін құр сүлдері созылған уағызынан сапырып жүре береді. Ең өкінішітісі ағымдардың жетегіне еріп адасқан адамның өзінің қателігін мойындамай өзін тура жолдың жаршысы іспетті көрсетіп қоғамды түзеуге ұмтылуы еді.Ислам тарихына көз жүгіртіп Әһлү сүннет ғалымдары тарапынан адасқан деп үкім етілген ағымдарды зерттеп қарайтын болсақ, басым көпшілігі жеке бастың қамы немесе белігілі бір топтың билікке келу жолындағы саяси мүдде мен мақсаттың негізінде шыққандығы болып отыр. Олар көздеген мақсаттарына жету үшін құран аяттарымен сүннеттен дәлел іздеп, шариғатты бұрмалап өз жолдарын ақтауға тырысқан. Алайда тарих  өз-өзіне төреші демекші мұндай адасқан ағымдар уақыт өте келе әшкереленіп жойылуға мәжбүр болған.Жиын барысында студенттер басқа көкейінде жүрген суалдады қойы, тұщымды жауап алды.

Түркістан: Жат ағым жолдан адастырады

Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осы орайда, Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №7 С.Ерубаев атындағы мектеп интернатында балалармен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты.

Жастар —  қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағымдар жастарымыздың санасын улауда.  Ал осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз хақ дін мен теріз ағымның арасын ажырармалып жүр. Бұл еліміздің болашағы үшін де, қоғам үшін де ойланатын үлкен мәселе.

Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің елдің позициясын білесіздер, біздің ел — күшпен емес, біліммен идеологиямен жеңуді көздейді. Елбасының  өзі қазақ елінің тарихында дәстүрлі дінді ұстанған зиялы қауымның болғандығын үнемі ескертіп, олардан үлгі алуымызды  айтып өткен.  Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарманың өзінің көптеген функциялары бар. Ал сол функцияның бірі- осы жат ағымның жетегінде кеткендерді кері қайтару. Бұл бойынша Алматы қаласының әр ауданында кеңес беру және оңалтумен айналысатын арнайы дипломы бар теолог мамандар жұмыс істейді. Кейбіреулерімен жеке кездесулер ұйымдастырылса, кейбіреуімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жасалады. Одан кейін экстремизм мен терроризм бабы бойынша отырған абақтыдағы адамдармен де кеңес беру істері жүргізіледі. Ең алдымен ата-ана баланың интертте отыру мәдениетін қадағалап отыруы керек. Сонымен қатар жастар ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен сайттарға ғана кіруі керек. Адамда идеологиялық ваккум деген нәрсе болмайды. Адамдар сол ваккумды бір нәрсемен толтырғысы келеді. Діни сауатын ашқысы келетін жастарға тек дұрыс жолды нұсқауымыз қажет. Діни сауалдар туындаған кезде діни жоғары білімі бар мемлекеттік саяси немесе мемлекеттік бағытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының нұсқауымен ұсынылған ұстаздардан ған білім алуға кеңес беремін. Тағы бір ескеретін жайт ата-ана мен баланың қарым-қатынасы ашық болуы керек. Егер бала өз ата-анасынан әрекеттерін жасырын жасайтын болса, ата-анасымен ақылдаспайтын болса  қыйын жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының араласатын достары мен ортасын да бақылауға алғаны жөн. Егер бала жастайынан намазға жақын болып, діни сауаттылығын арттыруға бейімделсе, бала қай бағытта намаз оқуда? Қандай діни кітаптардан білім алуда? Дәстүрлі «Ханафи мәзхабы» жолын ұстануда ма? Осы сауалдардың барлығын ата-ана өз бақылауына алуы керек. Өйткені намаз сырт көзге үлгі боларлық жағдай болғанымен, оның ішінде қаншама мәселе жатыр. Өйткені сол көзқарасты адамдардың идеологиясында үлкен мән жатыр. Біз идеологияны адамның жүрегінен көре алмаймыз ғой, тек сыртқы көрінісіне ғана қарап баға бере аламыз. Кез-келген теологтан сұрасаңыз жат ағымға кетудің алғашқы себеді ол-діни білімсіздік. Ал екінші адам бір белгілі себептермен намаз оқуға бел буады. Ал осы кезде оның алғашқы бағыт беруші ұстазы қандай болса соның көрсеткен жолымен кетуі. Егер оның ұстазы жат ағымның насихаттаушысы болса, ол соның артынан оңай еріап кетеді. Өйткені ол адам не айтса да ұстазымның айтқаны дұрыс деген көзқараста болады. Үшінші мәселе ол-қаржылай тәуелділік. Өйткені жат ағымның өкілдері өзінің артынан ерушілерге алғашқыда қаржылай материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Ал берген қолға ешқашан қарсы шыға алмайтындар бар. Жомарт адам қашанда бәрінен жақын тұрады. Бұл басқа ағымды насихаттайтын бірден-бір жол осы. Төртіншіден жат ағымды нәсихаттайтындардың бейне жазбаларының көп таралуы. Бұл да үлкен себептің бірі.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремистік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару керек. Мұндай жұмыстарға жоғары білімді, білікті теологтармен қатар, психологтар, педагогтар мен дінтанушылар, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тағы да тиімдірек жүзеге асыру қажет.
Ал, екінші жол бойынша «оқшауланған» идеологияға жақтасқандармен кешенді түрде тікелей жұмыс жүргізу, әрі оларды қайта иландыру жолдарын, айла-тәсілдерін зерттей отыра, ондай шараларды іске асыруды қолға алу бүгінгі күніміздің талабына айналды. Сондай-ақ, семинарда «Жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбы айтылды. Кейбір мәліметтер бойынша, өзге ағымның жетегіне кетушілердің 80 пайызы 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарды құрайды. Оған негізгі себеп – әлеуметтік желілердегі уағыздар мен жастар арасындағы жұмыссыздық. Сондықтан, жиында дәріскерлер мектеп психологтары мен ұстаздары оқушылардың діни сауаттылығын арттыруды жиі қолға алу керек деп есептейді. Ал, мешіт имамдары мен теологтар ел арасындағы үгіт насихат жұмыстарын жүйелі жүргізсе, жастардың түзу жолдан таймауына сеп болатындығын жеткізді. Семинар-тренингке қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізді.

 



Түркістан: Жастар қауіпсіздігі өте өзекті мәселе болып табылады

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №9 Некрасов атындағы мектеп гимназия

оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды.  Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Қазір жер бетінде  2 миллиардқа жуық мұсылман бар. Бұлардың бәрі де өздерін «Мұхаммед пайғамбардың үмметіміз» деп түсінеді. Мұхаммед пайғамбардың өсиеті мен аманатын  «Ислам өркениеті», «Ислам мәдениеті»  деген  ұғымдармен тығыз қарастырады.  Ежелден өзге өркениетке, өзге мәдениетке сыйластықпен, түсіністікпен қарау да үлкен мәдениеттілік. Бүгінгі тілмен айтқанда, толеранттылық. Толеранттылық деген терминді алғаш енгізген және жиі айтатын Батыс әлемі. Батыста «Ислам өркениеті мен Батыс өркениеті  түбінде бір қақтығысады» осыған дайын болу керек,  Батыс өркениеті Ислам өркениетін жеңуі керек деген түсінік бар. Бұл Самуил Хантикгтонның «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында, сондай-ақ Фрексис Фукмяманың еңбегінде де айтылады. Қазіргі таңдағы діннің саясат құралына айналып, дінді жік-жікке бөліп, діннің қадірін кетіру де жоғарыда атап өткен жазушылардың еңбегіндегі сөздеріне дәлел бола алады. Бұл ретте, халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе,- деді маман.  Оның сөзінше, жат ағымның жетегнде кетудің себебі, адамға білім жетпейді. Оның ішінде, діни сауаттылығымыз өте төмен екен.  Діни білімнің жетілуі дегеніміз біздің ауызбіршілікті күшейту деген сөз. Қарапайым халықты ылаң салушы, жат дін ағымның өкілдеріне қарсы діни сауаттандырудан кейінгі мәселе жат діни  идеологияларына қарсы ЖОО-да, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде лекция, семинар, кездесулермен қатар насихат жұмыстарын жүргізу керек. Осы орайда,  жастарды ескертіп отыратын мәселе  діни білім алып, діни сауатын арттыру барысында әлеуметтік желілер мен интернет  ресурстарын пайдалану барысында  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу қажет деді ол. -  Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері ресми тараптан ақпарат алуға құлықсыз. Олар дереккөз ретінде интернет ресурстарын басшылыққа алады. Осы интернет ресурстарында мемлекеттің ресми ұстанымын баяндайтын мәліметтердің санын арттыру жұмысы қолға алынуы тиіс. Себебі интернеттен гугл не басқа да іздеу сайттары арқылы мәлімет іздегенде бірінші болып сол ағым сайттары шығады. Іздеуші адам көп жағдайда уақыт үнемдеу үшін іздеу сайттарының бірінші парақшасында келген сайттардағы мәліметтерді көрумен шектеледі. - Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады. Осыған байланысты дінтану пәнін оқыту процесінде  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілі ретінде Қазақстан аумағындағы діни сайттардың ақпараттарының мазмұнына мән беріп, мешіттердегі атқарылған іс-шараларды ғана насихаттаумен шектелмей нақты өмірлік тәжрибеде кездесетін мәселелерге жауап беруге тиіс. Жат діни ағым өкілдерінің сайттарында ресми сайттарға қарағанда жастардың үлесі басымырақ, өйткені  психологиялық тұрғыдан қазіргі таңда  жастардың дені «клиптік ойлау» бейімделген, яғни адамдардың ұзақ ақпараттарды қабылдауға ынтасы жоқ, қызығушылық танытпайды және ресми жаңалықтарға ден қоймайды. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары әлеуметтік желілерді қысқа метражды сұхабаттарын жариялауда. Осы тұрғындан жұмыс жасау тиімді деп санаймын.Қазіргі таңда ғаламтор және жастар қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті мәселе болып табылады. Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында интернет пен әлеуметтік желіде діни экстремизмнің жолын кесуді, діни радикалды көзқарасқа мүлдем төзбеушілікті тапсырған. Экстремистер өздерінің теріс пиғылдарын психологиялық тұрғыдан сауатты түрде ғаламтор арқылы насихаттауды жетік меңгерген. Жат діни ағым өкілдерінің жазба дыбыс арқылы келетін жолдауларды, түрлі бейнедегі суреттерді, түсірген видеороликтерді көрген жастар түрлі психологиялық ойларға барып, қауіптерге бел буады. Психологиялық тұрғыдан сауатты жасақталған материалдармен жат діни ағым өкілдері жастардың психологиялық әлсіз тұстарын біліп, олардың мінездемелеріне сай түрлі айла тәсілді қолданары хақ.  Осы тұста мамандар психологиялық қоғаныс жайлы да сөз етті. Психологиялық қорғаныс тәсілдері: Қорғаныстың негізгі және бірінші түрі бұл - терістеу, теріске шығару. Өзіңді жағымсыз ситуациялардан қорғау үшін, адам шын мәнінлегі болған нәрсені теріске шығара бастайды. "Бұл қате",  " Бұлай болуы мүмкін емес", "бұл мен емеспін" деген сықылды сөз тіркестері адамның теріске шығару арқылы қорғаныс әдісінде тұрғанын көрсетеді.  Бұндай сәттерде, өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін дауласып, әртүрлі дәлелдер келтіру керек емес.  Одан да адамның жанында болып, оның ойлануына мұрсат берген жөн.Қорғаныстың келесі тәсілі - регрессия.  Мысал ретінде алатын болсақ, егер отбасында екінші бала пайда болатын болса, үлкен баласы бақырып, шақырып мінез көрсете бастайды; немесе жазғы лагерьде үйін сағынған баланың қылықтары. Егер жақын адамыңыз осындай қорғаныс тәсілін таңдаса, оған өз махаббатыңды көрсету керек.Қорғаныстың позитвті тәсілдерінің бірі компенсация  мен сублимация. Дәстүрлі құндылықтар – ішкі  тұрақтылықтың тұғыры, рухани  қауіпсіздіктің  тірегі және ең бастысы-ұрпақтар сабақтастығының негізі. Ел боламын деу көптің тілегі. Дін ел боламын деген мемлекетті қалыптастыратын негізгі институттарының бірі. Мемлекеттің негізін қалыптастыратын ұлт бірнеше жікке бөлінсе мемлекетке зақым келеді. Әр адамның азаматтық қоғамды құрайтын жеке тұлға ретінде құқықтары толықтай сақталып, заңды, құқықтық қоғамда өмір сүргіміз келеді. Саяси мақсатты көздейтіндер дінді табыс көзіне айналдырғандар мен  қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жойғысы келетін күштердің әрекеттері бар екендігі белгілі.  Жеке тұлға мемлекеттің азаматы ретінде,  әрі белгілі бір діннің өкілі, діндар әрі зайырлы болуы мүмкін. Діни таным мен діни сенім арасын ажырату және нақты анықтамасын беру керек. Сенім мен  танымның арасында айырмашылықтарды нақты көрсету керек. Сенім табиғаты жағынан субьективті яғни, әр адамның түйсіну, сезіну, қабылдау деңгейіне қарай әр түрлі бола береді. Себебі онда әр адамның құдайдың тану тәжірибесі, рухани психологиялық процесс ретінде нақты сүйенеді. Барлық адам баласы құдайға сенгенімен танымы әр қандай болады. Ал таным негізделуі анықталуы қайта тексерілуі  талданып үздіксіз жүріп отырады. Бұл жерде діннің сеніміне зайырлықтың танымға негізделген  түсініктер екенін көруге болады. Зайырлылық- сенімге дінге,  идеологияларға қатысы жоқ. Жеке тұлғаның үздіксіз дамып отыратын таным процесінің сонымен қатар бір жаратушыға деген сенімінң қалыптасуына жат діни ағым өкілдерінің әсерін болдырмау өзекті мәселе. Бүгінгі күні бақ түгендейтін тақ түгендейтін уақыт емес, беліңді бекем буып, қауымның жотасы шаруасына жан пида ететін заман.Жаңа мыңжылдыққа келіп жатқан тәуелсіз елдің қоғамдағы өз орнын дұрыс тауып, өз аяғын жөн алып түру үшін де ең әуелі дәстүрлі қазақы діни сана қалыптастыру керек. Сонда ғана расымен санамыз, психологиямыз құлдық санадан азат болады,- деп аяқтады сөздерін. Жиын барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Түркістан: Ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. Оқушылардың «Теріс ағымдардың мақсаты не?» деген сұрағына жауап берді. «Теріс ағымды насихаттаушылардың мақсаты біреу – қоғамды «біз» және «басқаларға» бөліп, мемлекеттегі дінаралық татулықты, ұлтаралық келісімді, бейбіт өмір мен тұрақтылықты бұзу. Мысалы, қоғам мүшелерін «мұсылман» және «кәпір» деп бөлу әдісі осындай жат ағымдардың қолданатын тәсілдерінің бір ғана көрінісі. Айрандай ұйып отырған бір отбасын немесе мешіттің бір бүтін жамағатын топтарға бөліп тастайды, қоғам мүшелері арасында ауызбіршілік жоғалады. Кез келген жат ағым өзінің адептілерінің (жамағанының) көбейгенін қалайды. Сол үшін аянбай күреседі. «На войне все средства хороши» дегендей, олар жамағат санын көбейту үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолданады: қайырымдылық қор ашады, тегін дәрі-дәрмек таратады, киім-кешек береді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсеткен болады, психологиялық күйзеліске түскен адамға келіп «Құдай сені жақсы көреді» деген сияқты жанды жұбататын жылы сөздерді айтады және т.б. Бір ескеретін жайт, «теріс діни ағым» деген уақытта біз тек исламды жамылған жат ағымдарды түсінбеуіміз керек. Бұлай ойлау қате. Себебі терроризм, экстремизм адамның тіліне, дініне, нәсіліне қарамайды. Мысалы, дәстүрлі христиан дінін жамылған теріс діни ұйымдар, топтар, ағымдар мен секталар да жетіп жатыр. Теріс діни ағымдар мен секталар бір адамды өз қатарларына қосып алған соң, сол арқылы оның отбасына, ағайын туыстарына шығады. Кейін уақыт келе халықтың тарихы және мәдени қалыптасқан дінін бұрмалап, ділін терістеп, дәстүрі мен салтын, тарихы мен мәдениетін жоққа шығарады, мемлекеттік рәміздерді құрметтемейді және т.б. (Мысалы, ән ұран айтылғанда орнынан тұрмау, әскери борышты өтемеу, референдумғе яғни, дауыс беру сайлауына қатыспау және т.б.) Ұлтқа өзіндік нақыш беріп тұрған (мысалы, сәлем салу, дастарқанды немесе асты қәдірлеу сияқты т.б.) рухани құндылықтардан айырып, халық арасында мемлекетке қарсы нарызылық тудырады, елді ынтымағы мен бірлігінен айырады»,-деді мамандар. Жиын барысында мұсылмандардың өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасы да саөз болды.Исламда өзге дін өкілдерімен жасалатын қарым-қатынастың қағидаттары  шариғаттың негізгі қайнар көздері – Құран мен сүннетте бекітілген. Дәстүрлі дініміз кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды, адамдарды нәсіліне, ұлтына, дініне байланысты бөлмеуді насихаттайды. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, VII ғасырдан бастап Ислам діні өзінің географиялық орналасу аймағына сәйкес, сол елді мекен аумағында қоныстанған көрші иудейлермен, христиандармен, отқа табынушылармен және басқа да діни сенімдегі адамдармен бейбіт қарым-қатынас орнатқан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған  игілігі мен сәлемі болсын) исламды қабылдаған мұсылмандармен бірге 622 жылы Мекке қаласынан Мәдина қаласына хижрет жасаған, яғни қоныс аударған болатын. Мәдина қаласына қоныстанған соң Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қаладағы өзге дін өкілдерімен «Мәдина» келісімшартын жасады. Сонау VII ғасырда жасалған бұл келісімшарт – исламдағы төзімділік пен бейбітшілікті, исламның адам құқығына деген құрметі мен диалог мәдениетін, өзге дін өкілдеріне көзқарасын, сондай-ақ сенім бостандығы мен ар-ождан еркіндігін қамтыған алғашқы қағидаттар жинақталған құжат. Өз заманында Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарай отырып, олардың құқығын мұсылмандардың құқығымен тең дәрежеде ұстады. Ғибадатханаларын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, алым-салық алмауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тәлімін алған ізбасарлары да мұсылмандардың қоластына кірген елдерде осы ұстаныммен билік жүргізді. Сонымен қатар, «Кім адамды (мұсылмандармен бірге өмір сүретін өзге дін адамын) өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскемейді. Әрине, жәннат исі жетпіс жылдық қашықтықтан келіп тұрады» деп ескерткен. Осы хадиске назар аударсақ, дінімізде өзге дін өкілдеріне үлкен құрмет көрсететінін анық көруге болады. Ислам кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе материалдық жағдайына қарап бөлмейді. Адамға рухани құндылығы тұрғысынан баға береді. Жалпы ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады. Көркем мінездің де түрі өте көп. Олардың қатарына кешірімділік, жомарттылық, шыншылдық, аманатқа беріктік, қарапайымдылық, сыпайылық, сабырлылық, ұяттылық жатады. Күнделікті өмірде адамдардың арасында кездесетін барлық қарым-қатынас, іс-қимыл, әрекет, сауда-саттық кезінде жақсылық жасаудың кез келген жолы, тіпті адамға жылы шыраймен қараудың өзі көркем мінез саналады. Өзінің шыншылдығымен, әділдігімен қара қылды қақ жарған тұлға Хаттабтың ұлы Омардың оқиғаларын мысалға келтіре кетсек: Ислам діні жан-жаққа тарап, аумағы кеңейіп, көптеген жерлер ислам дінінің билігіне қараған болатын. Сол жылдары өзге ұлттар мен өзге дінді ұстанушылардың ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жасалмай, тұрғындар еркін өмір сүрген еді. Ислам діні христиандар көбірек шоғырланған Палестина аймағына да жетіп, сол жерде тарағаннан кейін, екінші халифа Омар 637 жылы оның тұрғындарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтау мақсатында былайша келісім шарт жасайды: «Бұл Алланың құлы, мұсылмандардың әміршісі Хаттабұлы Омардың Илиа халқына берген қауіпсіздік қағазы: «Олардың жандарына, малдарына, шіркеулеріне, крестеріне, дені саулары мен сырқаттарына және қалған ұлтына амандық берілді. Шіркеулерін ешкім тұрғын үйге айналдырмайды, оларды ешкім бұзбайды, олардың ішкі және сыртқы қор мүліктерінен еш нәрсе кемітілмейді, олардың малдарына ешкім қол сұқпайды. Мұндағылардың дініне зорлық жасалмайды», – деп Палестина халқының қауіпсіздігіне кепілдік берген болатын. Сондай-ақ, бірде Омар халифа кезінде көшеден қайыр сұрап отырған кәрі кісіні көреді де, оған жақындап: «Сен қай дін иесісің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі ақсақал: «Мен яһудимін», – деп жауап береді, сол кезде халифа Омар одан не себепті осылай отырғандығын сұрайды. «Себебі мен мұқтажбын, жұмысқа жарамайтын кәрі адаммын ғой», – деп жауап береді. Сол кезде Омар оны мемлекет қазынасынан қажетін өтейтіндей керегін береді де, оның мойынынан өзге дін өкілдері мұсылман елінде тұрғаны үшін беретін салықты алып тастайды. Міне, бұл әділдіктің ең шыңы! Қазіргі уақытта басым бөлігін мұсылмандар қамтитын елдердегі христиан дін өкілдері ешбір қысым көрместен, мұсылмандармен бейбіт қарым-қатынаста араласып, ымыраластықта өмір сүруде. Жоғарыда келтірілген оқиғалар шынайы ислам діні өзге дін өкілдерімен қандай дәрежеде жақын болғандығын көрсетеді. Ал өзін мұсылманмын деп есептейтін адамды бес уақыт намаз оқымағаны үшін ғана кәпір деп айыптап, мал-мүлкін өзіне адал қылған жат діни ағым ұстанушыларының әрекеті ислам дінімен еш байланыспайды. Адами құндылықтары жоғалған және өздерін ғана ақиқатты ұстанушылар ретінде есептейтін олар нағыз исламның өзге дін һкілі болса да адам өміріне құрметпен қарайтынын білмесі анық. Сол себепті бір шаңырақ астында бейбітшілікте өмір сүру адамға берген ең үлкен құндылық деп қабылдау керек.

Осы RSS каналға жазылу