Түркістан – еліміздегі ең танымал туристік өңірлер қатарында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев турзимді дамыту мәселесіне басымдық беріп, маңызды міндеттер жүктегені белгілі. Түркістан облысында осы бағытта ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан ішінде туристер ең көп демалған көшбасшы өңірлер қатарына Түркістан облысы да қосылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті хабарлады.