Сауран ауданында тұрғындардың өтініш-тілектері бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындарын толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Түркістанда «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедицияға арналған жиын өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі – «Ономастар одағы», Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» КММ бірлесіп Ұлы Дала елі орталығында «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедиция аясында жиын өткізді.

Созақ ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары және өзге де өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Түркістан қаласында таяуда тағы 2 спорт кешені пайдалануға берілмек

Түркістан қаласында тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жаңа спорт кешендері жақын күндері ел игілігіне беріледі. Осыған орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының аяқталу барысы мен пайдалануға дайындығын тексерді.

Сауран ауданында Түркістан облыстық мәслихаты депутатының халықпен есеп беру кездесуі өтті

Сауран ауданында Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сүлейменов Баймахан, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және аудан тұрғындары қатысты.

Отырар ауданы: Темір ауылында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Темір ауылында аудан тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан – жаңа темір жол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Темір ауылының темір жол тарихы 1904 жылдан бастау алады. Сол кезеңде салынған алғашқы вокзал өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосса, бүгінде заман талабына сай бой көтерген жаңа вокзал халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Шолаққорған ауылдық округінде 13 көшеге асфальт жабындысы төселуде

Созақ ауданында тұрғындардың жайлы қатынасын қамтамасыз ету мақсатында елді мекен ішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда Шолаққорған ауылдық округінде жалпы ұзындығы 8,635 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Жеткіншек мөлтек ауданындағы А.Төребеков, Атауы жоқ №1, С.Төлендіұлы және Атауы жоқ №2 көшелеріне асфальт төселіп жатыр.