ШЫМКЕНТ: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.

 

Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту, Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы мәселе күн тәртібінде қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Осылайша 1 мамырдан бастап бірнеше тұрғындар санатына қоғамдық көлікпен тегін жүру жеңілдіктері берілетіні айтылды.

Жолаушылар көлігінің сапасы да қала әкімінің жіті бақылауында. Мәслихат отырысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлар талқыланды. 

Түркістан облысында маңызды мәдени-туристік іс-шаралар өтеді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған жауапты басқарма өкілдері мен тиісті мекеме басшылары қатысып, сәуір-мамыр айларында өтетін іс-шаралар легі талқыланды. Ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға тасталды. Қалаға келушілер үшін арнайы экскурсия ұйымдастыру барысында жаңа нысандарды қосу жайы айтылды.

Түркістан облысының делегациясы Оңтүстік Кореяда келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстіктік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Сапар барысында облыс делегациясы мен Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов Korea International Trade Association (Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы) компаниясының президенті Сик Юн Джинмен кездесті. Қос тарап өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады. Келіссөздер жүргізді.

Түркістан облысының демалыс лагерлері дайындық жұмыстарын бастады

Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Биылғы оқу жылында өңірде 20 жазғы сауықтыру лагері мен 8 этно және шатырлы лагерь қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар баяндалды

Түркістан облысына ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған топ жұмыс сапарымен келді. Сенат спикерінің төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуына Түркістан облысы қатысуда

2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған сапарының нәтижесінде «2024 жыл - Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы» болып жарияланды. Осыған орай, Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы өтті. Халықаралық жиынға Қазақстанның делегациясы келіп қатысты. Құрамында Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ әкімдіктердің, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері мен 150-ден астам мәдениет қайраткерлері бар.

ЕЛІМІЗДІҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

 Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады. 

Түркістанда интернет сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Транстелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалған Сүйеніш Әбділдинді қабылдады. Кездесуде аймақта интернет сапасын жақсарту, ауылдарды, білім ұяларын қамту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы әріптестікті нығайтып, елге пайдалы жобаларды бірге жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты

Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты. Жалпы қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыстар 20%-ға, қарақшылық 50%-ға, ұрлық 34,3%-ға, бұзақылық 22,5%-ға азайған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

ШЫМКЕНТТЕН ОРАЛҒА 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

 

Орал қаласында болған су тасқынынан зардап шеккендерге Шымкент қаласынан арнайы көмек жөнелтілді.

Бұл жердегі заттардың басым бөлілі ауыз сулар мен көрпе-төсектер. Қажетті дүниелер сол жақтағы мамандардың арнайы тізімі бойынша жіберілді. Осы бойынша жұмыс атқарған Шымкент қаласының кәсіпкерлері, Кәсіпкерлер палатасының жанындағы өңірлік кеңес мүшелері және Іскер әйелдер кеңесінің атынан салмағы 25 тонна болатын заттар жолдануда.

Бүгін Шымкент қаласынан басқа өңірлерде орын алған су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға кезекті көмек жіберіліп жатыр. Жалпы кәсіпкерлерден 250 млннан. теңгеден астам көмек жиналып, қаржылай және заттай керекті заттар мен техникар кетті, – дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында Жайық өзенінің жайылмаларында орналасқан 116 саяжай бірлестігін су басқан болатын. БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, бұл саяжайларда 2 073 отбасы (6 888 адам) тұрады.

Сондай-ақ күні бүгінге дейін облыстың алты ауданы мен Орал қаласында 1 292 тұрғын үйді су басса, соның 902-сіне тұрғындар қайтып оралғанын атап өтті. 375 үйде ешкім тұрып жатқан жоқ. 15-і бос тұр.Облыс бойынша 108 мектепте 75 962 оқушы онлайн білім алып жатыр. Алдын ала су басқан учаскелерден эвакуациялау үшін 8 596 орындық 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Айта кетейік, су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облыс аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.