Түркістан: Сайрам ауданында сауықтыру туризмі дамып келеді

Сайрам өңірі өзінің тарихи маңыздылығымен қатар, емдік-сауықтыру орталықтарымен де танымал. Соның бірі - Манкент санаториясы. Онда елімізден ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де ем алушылар көп келеді. Орталық мамандарының мәліметінше, 420 адамға арналған шипажайға жылына 15 мыңнан астам адам келіп ем алады.

Созақ ауданында 6 айда өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті. Халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев, облыстағы барлық басқарма басшылары қатысты.

Түркістан облысында қылмыс саны төмендеген

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құзырлы органдар, басқарма басшылары және онлайн режимде аудан, қала әкімдері қатысты.

Түркістан: Кентау трансформатор зауыты жылына 12 мың дана өнім дайындайды

Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Басқарма Төрағасы Бауыржан Худайбергеновтің айтуынша, зауыт жылына 12 000 дана өнім дайындайды.

Түркістан облысы: «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы өңірдің өнеркәсіп саласын дамытуға серпін береді

Түркістан облысы, Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған  бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы.  Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді. 

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ: ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 21 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 48 КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда айтты.

Тұран ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында 21 елді мекенде 48 кездесу өткізіліп, 225 мәселе көтерілді. Оның 172 мәселесі шешілсе, 67 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда.

Оның ішінде 29 мәселе жыл соңына дейін орындалса, 38 мәселе 2024-2025 жылдарға өтпелі.

Бүгінгі таңда Тұран ауданы аумағында жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупі бар жерлердің мәселесін шешу мақсатында тұрақты түрде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

2023 жылдың басында арық орнату қажет 48 көше анықталған болатын. Биылғы жылы 41 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланса, қазіргі таңда 36 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Олар: Бәйдібек би даңғылы №246, Отырар ш/а №52, Жарқынбеков көшесі №17, Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы, Ақтас е/м Дос аялдамасы, Арғымақ е/м, атауы жоқ көше, Қазығұрт е/м Шуақты көшесі, Мангелдьн көшесі №40 үй, Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі, Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі, Құрсай е/м Егізтөбе көшесі, Рысқұлов көшесі №2, Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі, Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі.

Ал, қалған 6 балалар ойын алаңшасы мен 4 спорт алаңшасының құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

 

Айта кетейік, Шымкент қаласы Тұран ауданында тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында – биыл 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Он айдың есебі бойынша 38 көшеге асфальт төселді.

 

Созақ өңірінің шаруалары жаңа технологияның көмегімен бау-бақша дақылдарын егіп отыр

Түркістан облысы Созақ ауданының шаруалары жері шөлейтті, климаты құрғақ болғанына мойымай, жаңбырлатып суару арқылы мол өнім алып, табысын арттырып келеді. Биылғы өнім Шолаққорған ауылында өткен «Алтын күз» жәрмеңкесіне шығарылды.

Созақтағы шаруа қожалық жылына 250-300 тонна ет өндіреді

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас» демекші, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын түзеу үшін және де еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар шаралар ұйымдастырылып, соның нәтижесінде халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпы, елімізде шағын және орта бизнес субьектілерін дамытуға мүмкіндік көп. Осыған орай, Созақ өңірінде кәсіп ашуға ниетті азаматтар қатары күн санап артуда.

Созақ ауданындағы шаруашылық биыл 180 тонна көлемінде балық өнімін шығарды

Түркістан облысы балық өндіруден көш бастап тұр. Бүгінде Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары.

Созақ ауданы: «Ауыл аманаты» жобасымен несие алып, кәсібін жандандырып отырғандардың қатары артуда

Бүгінде Созақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін жандандырып отырған азаматтардың саны артуда. Соның бірі Созақ ауылының тұрғыны Джамила Айдарбекқызы.