Кентау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өткізілді
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен, қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты. Жиында жер телімдерін тиімді игеру мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.