Шымкенттік теннисші жастар арасындағы беделді жарыстан жүлдемен оралды

Батумиде жастар үстел теннисі турнирі өтті.  Грузия мемлекетінің Батуми қаласында “WTT YOUTH CONTENDER BATUMI 2024“ турнирі өз мәресіне жетті! Іс-шараға он елден 120 спортшы қатысты. Атап айтар болсақ, турнирге Әзірбайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина және Өзбекстан спортшылары қатысты. 

Жеке инвесторлар Түркістан қаласында бизнес ашып, кәсібін дөңгелетуге ниетті

Ондай инвесторлардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар Түркістан қаласында, жалпы, облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.

Түркістанда темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады

Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС мекемесінің жұмысымен қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков арнайы танысты. Ал кәсіпорынның осы күнге дейінгі жетістіктерін мекеме басшысы Жеңіс Аманбаев аралау барысында мәлімдеді.

Түркістан қаласында кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдайлар қарастырылған

Бүгінде Түркістан қаласында шағын және орта кәсіп экономиканың дамуында айрықша рөл атқарып жатқаны аңғарылады. Цифрларды сөйлетсек, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш — жалпы өңірлік өнім көлемі 222,6 млрд.теңгеге жетіп, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15% артты.

Түркістанға келген шетелдік саяхатшылар саны артып, шаһардың туристік әлеуеті артып келеді

Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары жүруде. Оның ішінде Түркістан қаласына ерекше көңіл аударылған.

Түркістан қаласы: кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесіне арналған келелі жиын өтті

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуға кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандар және кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде алғашқы болып «Belqoitas» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру және жер қойнауын барлауға рұқсат алу кезіндегі әкімшілік кедергілер туралы мәселесі қаралды. Кәсіпкерлік бөлімі өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкер Жандос Амантайдың мәселесін зерделеу үшін жауапты мамандарға тапсырма берілгендігін мәлімдеді.

Түркістанда туристік сервис жедел дамып келеді

Туризмнің орталығына айналған,туристер жиі келетін шаһарда қонақ үйлер, мейрамханалар, жалпы туристерге қызмет көрсететін нысандардың көбеюі заңдылық. Тарихқа сүйенетін болсақ, бірінші мейрамхана орта ғасырларда ашылғанын еске түсірсек, орта ғасырлық Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқанын аңғаруға болады.

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасының грант жеңімпаздарының «Үздік жобалар жәрмеңкесі» өтті

Түркістан қаласында «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциация РҚБ мен Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастыруымен «ZHAS PROJECT» жобасының грант жеңімпаздарының «Үздік жобалар жәрмеңкесі» өтті. Шараның негізгі мақсаты – жеңіске жеткен 20 жоба және өнімімен танысу болып табылады. Қазіргі таңда, 1 000 000 млн теңге грант иегерлері әр жобаға құралдар алып, өз мақсатты топтарына тегін көмек көрсетуде.  

Ұлттық құрама сапында шымкенттік жас волейболшылар бар. Олар кімдер?

Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген біршама шымкенттік жас волейболшылардың жеткен жетістігі аз емес.  Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков волеболдан Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген біршама жас волейболшыларды жеткен жетістігімен марапаттады.

Түркістандық «Asia Brand» кәсіпорыны ел экономикасының артуына елеулі үлес қосуда

Соңғы жылдары өңірде кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында, соның ішінде Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр.