Жетісайдағы өндірістік цех 5 мың метр тоқыма емес мата өндіруге қауқарлы

Жетісай ауданында биылғы жылдың 9 айында кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүргізілген жұмыстар сараланған жиын өтті. Жиында «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге күзгі жеңілдетілген бағада дизель отынының таратылуы» және кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топпен жүргізілген жұмыстар жайы сөз болды.

Ордабасы ауданы: жаңбырлатып суғару жүйесі 500 га астам алқапқа ендірілген

Ордабасы ауданында есептік кездесу өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы проблемаларды тұрғындармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралады. Халықты толғандырған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сарыағаш ауданы: Береке, Дербісек елді мекендерінде ауыз су жүйелері салынуда

Сарыағаш ауданында соңғы 3 жылда 13 елді мекен газға қосылып, қазіргі уақытта табиғи газбен 68 елді мекеннің 49-і қамтылған. Қамту көрсеткіші 76 пайызды құрап отыр. Биыл Жонарық елді мекенінің жеткізуші газ құбырының құрылысына аудан бюджетінен 83,4 млн теңге қаржы қаралды. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Отырар ауданы: мемлекеттік бағдарлама аясында грант алып, кәсіп бастаған

Отырарда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен жыл басынан бері жоба аясында 35 азамат кәсіптік бағытта 400 АЕК көлемінде грант қаражатын алып, өз кәсібін бастаған.

Түркістан: «Майлыкент-сүт» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында топ жарды

Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.

Сауран: 7 жылда негізгі басымдықты «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға салу көзделген

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев халықпен есепті кездесуін Бабайқорған ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Аудан əкімі округ бойынша ел дамуы жолындағы атқарылған игі істерге тоқталды.

Түркістан: Қытайға іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша инвесторлар тартуға қол жеткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы мамыр айында Қытайдың Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, қытайлық іскерлік орта өкілдерін серіктестікті нығайтуға шақырып, өзара, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастықты түрлі деңгейде жандандыру қажет екенін атап өткен болатын.

Отырар ауданындағы бірнеше каналға тоспа орнатылып, механикалық тазалау жүргізіледі

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Көксарай, Аққұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы айтып, іске асатын жұмыстардың дені бұған дейінгі кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер екенін жеткізді.

Жетісай: мал мен құс шаруашылығын дамыту мен басқа да кәсіп түрлерін несиелеу бағдарламары түсіндірілді

Жетісай ауданының елді мекендеріндегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыру, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс шаруашылығын дамыту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылған ақпараттық топ Қазыбек би ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен кездесті.