Түркістанда президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық жоғары

Облыстық жастар орталығында Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы бойынша жастармен кездесу өтті. Бағдарламаға қызығушылық танытқан жастарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков толық ақпарат берді.

Отырар ауданы: Қарғалы ауыл округінде мал қыстатуға қажетті 18 900 тн жем-шөп дайындалған

Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде Қоғам, Қарғалы ауыл округі әкімдерінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебі және Түркістан облыстық мәслихатының 10.07.2023 жылғы №4/42-ҮІІІ шешімінің негізінде жүргізілетін өзгерістер жобасы талқыланды.

Түркістанда тіл жанашырларының қатысуымен өңірлік семинар өтті

Түркістан қаласында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинары өтті. Өңірдің тіл жанашырлары жиынына облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан және Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Түркістан облыстарының жоғары оқу орындарының оқытушылары, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары, тіл мамандары қатысты.

Түркістанда Қазақстан мен Чехия іскерлерінің бизнес-форумы өтті

Түркістанда Қазақстан мен Чехияның мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Чех-Қазақстан бизнес-форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан өңіріне инвестиция тарту бағытындағы іс-шара жемісті боларына сенім білдірді.

Түркістан облысына Чехия республикасының бизнес делегациясы келіп, келіссөздер жүргізді

Түркістан облысына Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павол Шепеляк бастаған бизнес өкілдері ресми сапармен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды чехиялық делегация жетекшілерімен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласында байланыстарды тереңдету бойынша келіссөздер жүргізді.

Түркістан облысы: Жетісайда мобильді топ жұмыс жүргізуде

Жетісай ауданында биылғы жылдың 9 айында кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүргізілген жұмыстар сараланған жиын өтті. Жиында «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге күзгі жеңілдетілген бағада дизель отынының таратылуы» және кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топпен жүргізілген жұмыстар жайы сөз болды.

Түркістан облысының бюджеті 7,8 млрд. теңгеге асыра орындалған

2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд.теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд.теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 8,3 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 7,2%-ды құрап отыр.

Шардарада жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін зауыт өнім қабылдай бастады

Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында мақтадан бөлек жүгері егуге бет бұру көзделген. Маусым айында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты шаруалардан жүгері қабылдауды бастады. «Казкрахмал» ЖШС зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеуге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 31 млрд. теңге. Онда 550 жұмыс орнын ашу көзделген.

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институын дамыту бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр. Семинар-тренингті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр. Іс-шараға қаламыздағы этномәдени бірлестіктерің өкілдері, қалалық Қоғамдық келісім мекемесінің сарапшылары мен мамандары қатысып, этносаралық қақтығысты болдырмау, туындаған жағдайда бейбіт жолмен шешудің тетіктерін үйренуде.

Спикер ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, кәсіби медиатор, «Парасат» медиация және құқық орталығының тренері Мұхтар Адаев, психолог-шиленістанушы Резеда Баймухаметова қатысып, даудың алдын алу саясаты жөнінде дәріс оқиды.

–Елімізде түрлі ұлттар бір шаңырақ астында ынтымағы жарасып өмір сүріп келеді. Бүгінгі тренинг арқылы біз Шымкентті мекен еткен этнос өкілдері арасында шиеленіс болдырмау үшін алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір елімізде этносаралық дау жоқ деп айта аламыз. Ондай мәселе туындағанның өзінде Достық үйі жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі секілді бірлестіктер арқылы шешілуде. Біздің мақсатымыз – оларға құқықтық сабақ беру, дауласу болған жағдайда оны бейбіт жолмен, яғни медиация арқылы татуластыру дағдыларын қалыптастыру, - дейді сарапшы Талшын Италиева.

Таңертең басталған тренинг кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасады. Психолог Резада Баймухаметовтың айтуынша, медиацияны жүзеге асыру үшін ең алдымен дауласқан екі тарапты тұлға ретінде танып, оның жеке мінезі мен мақсатын үйрену керек екен.

Тренингке этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері, медиациядағы зерттеу кезеңі, тұлға психодиагностикасы, этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу әдістері мен тәсілдері, этносаралық қақтығыстарды талдау тақырыптары қаралып жатыр. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Айта кетсек, жыл соңына дейін дәл осындай семинар-тренинг Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында өтеді.

 

Жетісайда заманауи медициналық орталық салынады

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жеке инвестор есебінен заманауи медициналық орталық салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды таяуда инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаны жүзеге асыру жолдарын талқылады.