«ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыАйсұлу ӘЛІБЕКОВАНЫҢ мәліметінше, Шымкентте бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітерлік.

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес, қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Өйткені, еліміздегі коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымның әбден тозығы жеткен. Кейбір электр, жылу станцияларының салынғанына 50-60 жылдан асып кеткен. Президент бұл мәселеге уақтылы назар аударып, тиісті жұмыс жүргізілмесе, еліміздің энергетикалық дағдарысқа тап болып, халықтың жарық пен жылусыз қалуы мүмкін екенін ескертті.

Осы орайда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен бұйрықтарымен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің 2023-2026 жылдарға қосымша инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Оған сәйкес, монополист компания осы уақыт аралығында 38,3 шақырымдық кәріз жүйесін реконструкциялайды. Бұл кәріз желілерінің тозуын 77 %-дан 71,65%-ға немесе 5,35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ал «3-Энергоорталық» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру қызметіне 2022-2026 жылдарға арналған тарифтері мен тарифтік сметасы және инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Жылу энергиясын өндіру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарлама негізгі құралдарды күрделі жөндеуге бағытталған іс-шараларды көздейді, бұл негізгі құралдардың тозуын 60,7 %-дан 57,7%-ға немесе 3,02%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында биыл 76,712 шақырым газ құбырын қайта жаңарту көзделген. Оның ішінде 30,389 шақырымы жер астымен жүргізілетін полиэтилен құбыры болса, қалған 46,322 шақырымы жер үстімен жүргізілетін болат құбырлар. Бүгінде полиэтилен құбырлардың 16,041 шақырымы, ал, болат құбырдың 27,139 шақырымы жүргізілген. Сонымен қатар газ қысымын төмендетуге арналған 167 газ реттеу пункттері орнатылады.

 

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП КҮНІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында Бірыңғай есеп күні өтті. Мұндағы мақсат – заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Жиынға Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен прокуратура органдары, мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп берді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылады.

—Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Әкімшілік қысым индексі» рейтингі жасалды. Оған сәйкес, 13 өңірдің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары, бұл әкімшілік жауапкершілікке тартылған бизнес субъектілерінің жоғары үлесін көрсетеді. Еліміз бойынша орташа деңгей – 3,6 пайыз, ал Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 2,1 пайызды құрады. Әкімшілік айыппұл салу бойынша елімізде орташа көрсеткіш 26,5 пайыз болса, Шымкентте 17,1 пайызды құрады, ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында – 55,3 пайыз, — деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Оның айтуынша, биыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Палата түрлі мемлекеттік құрылымдармен нәтижелі ынтымақтастық орнатып, бизнес пен билік арасында тиімді диалог құра алды, 1,4 млн кәсіпкердің басын біріктірді. Ұлттық палатаға бизнес тарапынан 17,9 мың бизнестен өтініш түсіп, қарау нәтижесінде кәсіпкерлердің 230,2 млрд теңгесі қорғалды. Кәсіпкерлерге салынатын әкімшілік айыппұлдар 30 пайызға төмендетілген.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратөбе тұрғын алабында Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі азаматтардың мәселелерін тыңдап, тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық даму, инженерлік-инфрақұрылым және өзге де бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Алдымен аудан әкімі Досбол Есілбек барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жоспарланған 35 көпқабатты үй аулаларының 25-інде абаттандыру жұмыстары аяқталды. Биыл 7 спорт алаңшасы орнатылуда. Халықтың негізгі шоғырланған аумақтары инфрақұрылыммен қамтылған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамту 97 пайызға жетпек. Қарабастау, Қаратөбе, Тоғыс, Жұлдыз, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аумақтарында, жалпы 6 нысан құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 90,7 пайызды құрамақ. Және ауданда 73 көше (45,5 шақырым) жөнделеді.

– Қалада тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыс та бар, кемшіліктер де аз емес. Жаңадан қосылған шалғай елді мекендерде әлі де мәселе көп. Барлық мәселелер басымдығына қарай, уақытпен, кезең-кезеңімен шешіледі. Атқарылатын жұмыстардың басталуы және аяқталу мерзімін нақты айтып, тұрғындарды үнемі ақпараттандырып отыру керек. Бүгін айтылған мәселелерді жүйелеп, зерделеп, тиісті шешімдерді тұрғындарға жеткізіп отырамыз. Жалпы, қаламызды дамыту, өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары кездесуде инфрақұрылыммен қамту, жол белгілерін орнату, балалар ойын алаңшасы, мобильді байланыс, қоғамдық көлік мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Атап айтқанда, Қарабастау тұрғындары су, газбен қамту, мобильді интернет сапасын жақсарту мәселесін көтерсе, Жастар көшесі тұрғындары мектепке баратын аяқжол, кәріз жүйесі және балалар ойын алаңшасын орнатып беруді сұрады.

Кездесу барысында Ғабит Әбдімәжитұлы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ 23 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛІ ТҰРАДЫ

 

Шымкент қаласының «Достық» үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Жиында қаладағы діни ахуал мен елді мекендердегі этносаралық татулық мәселесі талқыға салынды.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев жүргізген жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, дін істері басқармасы мен Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Шаһардағы діни ахаул жөнінде дін істері басқармасынің бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов баяндама жасап, ақсақалдардың сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, басқарма негізінен бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде деструктив жақтаушыларын оңалту, дәстүрлі дінге бағыттау, жат ағымның жекетгіне кеткендерді қоғамға бейімдеу және діни бірлестіктермен өзара қимыл орнату секілді жұмыстар бар.

–Бүгінде басқарма тарапынан дескрутивтік діни ағымын ұстанушыларға арналған жұмыс алгоритмі әзірленген. Осының аясында әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрді жүргізіліп отырады. Биыл әлеуметтік желідегі радикалды аккаунттарға тіркелген 5755 пайдаланушы анықталып, 5 200-іне құқықтық және діни танымдық ескерту хабарламасы жолданды. Оның ішінде 280 желі қолданушысы кері байланысқа шықты. Қалған азаматтардың орналасқан жерін анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, – деді Ғ.Сарманов.

Шымкент қаласының 23 елді мекенінде түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған. Қалалық дін істері басқармасының өкілдері осы жылы ұлтаралық алауыздықты болдырмау үшін ұйымдастырылған 151 кездесудің нәтижесінде бүгінге дейін ешқандай келеңсіз оқиға орын алмағанын айтады. Ал жастармен 603 кездесу өтіп, мамандар өзгенің ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілерде тарату және бөлісу қылмыс екенін түсіндірген.

Айта кетейік, елімізде ҚХА жанынан ақсақалдар кеңесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған болатын. Биыл қалалық кеңесте еңбек қауіпсіздігі мен Әл-Фараби ауданындағы этносаралық ахуал қаралып, тиісті мемлекеттік мекемелер мен азаматтық институттарға ұсынымдар берілген еді. Бүгінде қалалық деңгейде ақсақалдар кеңесінің құрамына жасы 60-тан асқан тәжірибелі әрі абыройлы ақсақалдар мен белсенді азаматтар енген.

Сауран: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты назарда

2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойған болатын.

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕРЛІК МҰРАЖАЙЫНДА «ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ» ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Бүгін Жеңіс саябағындағы Ерлік музейінде «Таулы Қарабақ» ардагерлер мен мүгедектер республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының ұйымдастырумен «Ұрпаққа үлгі болар ерлік» атты іс-шара өтті. Іс-шараға қаламыздың ардагерлер ұйымының мүшелері мен білім, мәдениет басшылары, сондай-ақ республика аумағынан да ардагерлер ұйымының мүшелері, әскери бөлім сарбаздары қатысты. Жеңіс саябағындағы Сабыр Рахымов ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталған жиын «Ерлік» музейіндегі «Таулы Қарабақ» құрбандарына арналған арнайы бұрыштың ашылу рәсіміне ұласты.

–Арнайы бұрыштың ашылуы жастарды жігерлендіру, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, елжандылығын арттыру мақсатында ашылып отыр. Бұған дейін басқа да қоғамдық бірлестіктердің арнайы бұрыштары ашылған болатын. Бұл жерде біз оқушыларға, әскери оқу орындарының, жоғары оқу орындарының студенттеріне ерлік сабақтарын өткізетін боламыз, – деді бірлестік төрағасы Мұрат Төленбайұлы.

«Ерлік» мұражайында қазіргі таңда 4500-ден астам құнды жәдігер бар. Мұнда Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, «Семей сынақ» ядролық полигонында ерлік көрсетіп, Отан үшін жанын қиған ардагерлерді еске алу бұрыштары, олардың фотосуреттері мен өзге де бұйымдары сақталған. Бүгінгі бұрыштың ашылуымен мұражай қоры жаңа экспонаттармен толықты.

–Мұражайдың «Ерлік» бөлімі тағы экспонаттармен толықты. Мұнда түрлі тақырыптарда патриоттық іс-шаралар өткіземіз. Студенттер мен оқушыларымыз ардагерлеріміздің құжаттары, қолданған заттары, ең бастысы олардың ерлігімен жете танысады деген ниеттеміз. Арнайы бұрышқа 50-ге жуық жәдігер қабылданды. Әлі де суреттерін, медаль, киімдерін әкеліп өткізіп жатқан ардагерлеріміз бар,– деді «Ерлік» музейінің меңгерушісі Гүлзинат Сейілханқызы.

Жиын соңында ардагерлер қоғамдық ұйымдарынының белсенділері марапатталып, 35748 әскери бөлімі оркестірінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары барысында көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Жүйнек құрама командасы жеңімпаз атанды

Кеше Сауран ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен қолдауынымен кіші футболдан ашық біріншілік басталған болатын. Бірер сағат бұрын аламан доп додасы мәресіне жетті.

Сауран ауданы: әдеп жөніндегі уәкіл түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже талабына сай, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп жөніндегі уәкілдер бекітілген.