Сауран ауданы: аудандық сенбілікке 12 ауыл округінен 311 қызметкер қатысты

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес, ауданда тазалық аптасы ұдайы жүргізіліп жатыр. Тазалықты жанына серік еткен Саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сауран ауданы әкімдігінің басшысы қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептік келбетіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқауға болады. Мемлекеттік қызметшінің әдебін қалыптастыруда жергілікті әкімдіктегі әдеп жөніндегі уәкілдердің ықпалы зор. Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Қуандық Құлажанов Үшқайық, Қарашық, Жүйнек ауыл округ әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ТАЛАП АРЫЗ БОЙЫНША ТҮСКЕН 9 44 ӨТІНІШТІҢ 877-СІ ҚАҢАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2023 жылдың 9 айында талап арыз жұмыстары бойынша 944 өтініш қабылданып, 877 қаңағаттандырлыды. Ал 67 өтініш қайта бағытталды.

Сонымен қатар, Департамент 3-ші жақ ретінде үш сот отырысына қатысты.

Оның ішінде: 2023 жылдың 1-жартыжылдығында: (178 008 теңге)..

2023 жылдың 2-жартыжылдығының екі айында атқарылған жұмыстар: 212 752 теңге мен 29 990 теңге, жалпы – 242 742 теңге қайтарылып, жалпы – 420 660 теңге құрады.

Сондай-ақ, КСК-ң қызметі бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайлар бойынша Департаменттен 26.09.2023 жылы 1 талап арызы Шымкент қаласы бойынша экономикалық сотына жолданды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 40 бабына сәйкес Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметі жүзеге асырады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 айында Департамент тарапынан 77 отырыс өткізілді. Делдалдық схемаларды анықтау және сауда үстеме ақыларын көтеру бойынша 93 факті тіркелді. Сондай-ақ, комиссия жыл басынан бері 141 электронды шот-фактураларға талдау жүргізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы - 39, оның ішінде Сауда үстемесін көтерудің - 17 фактілері бойынша сауда қызметі субъектілерімен түсіндірме әңгімелері өткізіліп, анықталған делдалдық схема бойынша - 22 жұмыс атқарылуы барысында бағалар заңмен қарастырылған сауда үстемесі шегінде төмендетілді.

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқығын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру мақсатында жыл басынан бүгінгі күнге дейін «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы» бойынша

2 123 өтінішті қарады. Нәтиежесінде 87,8 млн. теңге көлеміндегі қаражат тұтынушыларға қайтарылды.

Айта кету керек, 2022 жылдың 9 айында тұтынушыларға қайтарылған сома 68,1 млн. Теңгені құраса, 2023 жылдың 9 айында тұтынушыларға қайтарылған сома 87,8 млн. Теңгені құрап, ауытқу шамасы 19,7 млн. теңгені құрап отыр.

 

ШЫМКЕНТТЕ КІШІ КӘСІПКЕРЛІК СУБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҰСЫНЫС ХАТ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентентінің Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін кіші кәсіпкерлік субьектілеріне тексеру жүргізу шектелген болатын. Сондықтан, біз бұл салаға қазіргі күнде бақылаудың тек профилактикалық, яғни бармай бақылау және қадағалау жүргізу түрі ғана қолданудамыз.

Жыл басынан бері бұл салаға 200 бақылау жүргізілді. Бұл бақылау жүргізудің мағынасы өте жеңіл және, ең бастысы бақылау субьектісіне ешқандай ауыртпалық түсірмейтін бақылау түрі. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерге, оның қызметінде орын алған заңбұзушылықты өз еркімен жою жөнінде Ұсыныс (хабарлама) ғана беріледі және аталған заңбұзушылықты жойылғандағы туралы 10 күннен соң бақылаушы мемлекеттік органға оның нәтижесі бойынша мәлімет беру ғана көзделген.

Ал, ондай айыптаумен келіспейтін жағдайда, бақылау субьектісі 5 күннің ішінде, қарсылық жазуға да құқылы. Енді, бұл бақылаудың екінші, проблемалық жағы – егер бақылау субьектісі мемлекеттік органның Ұсынысына (хабарламасына) құлақ аспаса, оған ешқандай жауапкершілік те қарастарылмаған.

Тілге тиек етейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 2 сәйкестікті растау органы («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ – тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, химиялық, парфюмериялық, гигиеналық өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, зергерлік бұйымдар, «Туран Бизнес Групп» ЖШС – тамақ өнімдері, ауылшарушылық тамақ өнімдері, 81 сынақ зертханасы, 17 салыстырып тексеру зертханасы, 3 калибрлеу зертханасы, 4 медициналық зертхана жұмысын атқаруда.

Яғни, жалпы саны 107-ні құрайтын бұл мекемелер, барлығы мемлекеттік емес, аккредиттелген органдар тізіміне енеді және ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығынан тиісті аттестат алған ұйымдар болып табылады.

Сәйкестікті растау бойынша аккредиттеу саласы бойынша заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер негізінде 6 бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бақылау субъектілерінің 4-еуінен заңбұзушылықтар анықталып, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, 1 бақылау субъектісіне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 415-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Зертхананың аккредиттеу аттестаты мен салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 90 АЕК айыппұл салу туралы Қаулы қабылданып, қазіргі уақытта іс соттың қарауына өтті.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҮШ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласы бойынша қараусыз қалған қарияларды да мемлекет қамқорлығына алу мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №10-шы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда 50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде 40 қария бар.

Мекеменің басты міндеті – қарияларымызға үй жағдайындағыдай қызмет көрсетіп, өмір сүру сапасын жақсарту. Қарияларға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек сынды 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Ғимарат асхана, массаж бөлмесі, бассейн және кір жуу бөлмелерімен жабдықталған.

Сондай-ақ зейнет жасындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қала бойынша үш «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызмет көрсетуде. Күнделікті 700-ге жуық қария мұнда екі ауысым бойынша қызмет алады.

Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету де қарастырылған.

Айта кетейік, биылдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылатын болады.

Жыл басынан бері «Денсаулық» профилакториясы, «Ақсу Жабағылы» шипа жайы, Тараздағы Айша бибі, Арыс шипажайы мен Ақсу-демі және Кәусар-бұлақ шипажайларына 3 726 адам жолдама алған. Жалпы, биыл 5280 зейнеткерді шипажайларда оңалту шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Қарттардың игілігі үшін қала аумағында қосымша «Ізетті зейнеткер» атауымен шипажай ашылатын болады. Алдағы уақытта зейнеткерлердің шипажайларда емделуге кезекке тұруы автоматтандырылатын болады. Аталмыш мемлекеттік қызмет түрін geo-shym.kz/ порталына тіркеп, жыл соңына дейін пилоттық жоба негізінде іске қосу көзделуде.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттері мен «Ардақты ардагер» журналына 1-2 жартыжылдыққа тегін басылымдармен қамтамасыз етілуде.

 

 

 

Сауран ауданы: су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін, қауіпті табиғи құбылыс. Қауіптің алдын алу үшін түрлі шаралар жоспары түзіліп, халыққа түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Аудандық мәжіліс залында су тасқынының алын-алу, қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде селекторлық жиналыс өтті.

Сауран ауданы: комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

«Сыбайластықпен күрес ұдайы жүргізілуі тиіс». Бұл туралы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі коммисия отырысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев баса айтты.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елдімекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Б. Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларды жеткізді.

27 елдімекенде 257,7 мың халық тұрып жатыр. Сондай-ақ аудан аумағында 205 көпқабатты тұрғын үй, 230 әлеуметтік нысан орналасқан. Қазіргі таңда елдімекендердің біреуіне ғана ауызсу жеткізілмеген, ал сапалы жарықпен 92,5, табиғи газбен 85,2 пайыз қамтылған. Жыл соңына дейін ауданда су мәселесі толығымен шешіліп, келесі жылы шағынаудандардың электр қуаты және көгілдір газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Ауданда жылу маусымына дайындық жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылған. Жоспарға сәйкес биыл елдімекендердегі 33 көше жарықтандырылған. Алдағы екі жылда қалған 60 көше жарық жүйелеріне толық қосылады.

Биыл ауданда 3 750 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2024 жылы 2 900 орындық 5 мектептің, 2025 жылы 3 800 орындық 6 мектептің құрылысы жоспарланған.

Есептік кездесуде тұрғындар инфрақұрылымды жақсарту, бейнебақылау қондырғыларын орнату, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

“Барлық мәселелер кезең-кезеңімен ауданның даму жоспары аясында шешіледі. Халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында шешімін күткен мәселе баршылық. Аудан тұрғындарынан заңсыз жер телімдеріне қатысты сұрақтар да жиі түсуде. Бұл шағымдар менің тікелей назарымда. Маған уақыт берсеңіздер, өздеріңізбен бірлесе отырып, туындап отырған проблемаларға қатысты оңтайлы шешім қабылдаймыз”, — деді қала әкімі.

Сондай-ақ аудан және басқарма басшыларына халықтың талап-тілектерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

ШЫМКЕНТ: УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Шымкентте Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің сарапшылары студенттермен жиын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауындағы экономиканың негізгі бағыттары талқыланды. Университет басшылары мен оқытушылар құрамы сарапшылық еткен жиында ф.ғ.к, доцент Қанатбек Бердалыұлы Жолдаудың негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.

–Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар халықтың тұрмыстық жағдайын арттыру мен экономикаға бағытталғаны қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың экономиканың дамуына негізделгені кездейсоқ емес. Жолдау аясында орта бизнесті дамыту, экспортты ынталандыру, агроөнеркәсіпті арттыру сияқты міндеттер шешіледі деп ойлаймын. Өскелең ұрпақ пен еңбек адамына назар аударылып отыр. Балаларымыз үшін білім сапасын арттыру, «Келешек» бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу жайында айтылды. Ал, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауға мүмкіндік бермек. Бұл – әрқайсымыз үшін маңызды. Сондай-ақ, прогрессивті міндеттер де бар, олар – ең алдымен су және энергия үнемдейтін технологиялар саласы, жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру. Біз болашағымызға батылдықпен қараймыз, ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсыз тұтынуға орын жоқ. Оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Мемлекет басшысы осы тұрғыда атқарылуы тиіс нақты қадамдарды көрсетті, – деді Қ. Бердалыұлы.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда студенттердің де өзіндік көзқарасы бар, даму үдерісіне ілескен жастар қалыптасуда. Ел болашағына үн қоса алатын нағыз патриот, білімді жастар жиында өз ойларын да ортаға салды. Мемлекет дамуы үшін маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға атсалысатындықтарын жеткізді. Бұл – қоғамның одан әрі демократиялануының айғағы.

ШЫМКЕНТТЕ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасының кезекті қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Қаладағы №133 мектеп ғимаратында өтіп жатқан іс-шарада бұл жолы Абай ауданы тұрғындарының өтініші тыңдалды.

Қоғамдық қабылдауда қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, түрлі саладағы мәселелерді шешу жолын қарастырды. Арнайы жұмыс тобы этносаралық келісім, әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу, денсаулық, білім, кәсіпкерлік, заң, тәртіп және қауіпсіздік секілді бағыттар бойынша қабылдау жүргізеді. Бүгінгі қабылдауға ұсынысымен келген тұрғынның бірі – Кәрімжан Юлдашев.

–Мен көтерге мәселе – елдің қамы. Бадам өзенінде қамыстың қалың өскені соншалық, судың ағысына кедергі келтіріп жатыр. Оның салдарына өзенде су көбейген жағдайда айналасындағы тұрғын үйлерге залал келтіруі мүмкін, – дейді тұрғын.

К.Юлдашевтың ұсынысы бойынша аудан әкімдігі қызметкерлері тиісті басқармаға хабар беретінін жеткізді. Ал, Нұралы Зұлпықаров тәртіп сақшыларына өткен жылы жөндеуден өтіп, асфальт төселген көшеге жол кедергісін орнатып беруін сұрады.

–Сығанақ көшесіне жөндеу жүргізілгеннен кейін бұрынғы жол кедергісі қайта қойылмады. Қазір сол көшеде көліктердің жылдамдығын төмендететін кедергі жоқ. Кеш батты дегеннен жас жеткіншектер мотоцикл мініп, жарыс ұйымдастырады. Осы мәселені полиция қызметкерлеріне жеткіздім. Олар өздерінің маған байланыс номерін берді. Енді осы жағдай тағы қайталанса, тәртіп сақшыларын шақырып, бұл мәселені бірлесе шешуді ұйғардық, – дейді ардагер.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған болатын. Көзделген мақсат – түрлі этнос өкілдері тығыз мекендеген аймақтардағы мәселені бейбіт жолмен, яғни қоғамдық қабылдау арқылы бірлесе шешу.

–Біз осындай қоғамдық қабылдауды қаладағы Қаратау және Еңбекші аудандарындағы этнос өкілдері көп шоғарланған елді мекендерде ұйымдастырдық. Бүгін Абай ауданында өткізіп жатырмыз. Көпшілік осындай қоғамдық қабылдауға келіп, өз мәселесін жеткізуде белсенділік танытуда. Мәселен, Қаратауда 40 тұрғын қабылдауға қатысса, Еңбекшіде 30-дан аса адам өз меселесін жеткізді. Бүгін де әр сала бойынша арнайы құрылған топ азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыруда , – дейді Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.