Super User

Super User

Отырар ауданының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Отырар ауданы: көпбалалы аналарға Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан Республикасының Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығы аясында ел болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.

Отырар ауданының әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралады

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Іссапар барысында аудан басшысы алдымен Маяқұм ауылдық округіне қарасты Маяқұм елді мекеніндегі ауыз су желілері мен нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Аталған жобаны мердігер мекеме – «Building Agency» ЖШС жүзеге асыруда.

Отырар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына қатысты мәселелер қаралды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Аппараттық жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Осы RSS каналға жазылу