Шымкент: Тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту шаралары жүзеге асырылуда
«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС - қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй - коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді.
«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС - қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй - коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді.
Биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бүгінгі мақсатты жұмыстың маңызды салаларының бірі болып табылады. Осы бағытта 2021 жылдан бастап 233 көппәтерлі тұрғын үйге сейсмонығайту мақсатында техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:сейсмонығайтуды қажет ететін - 68 үй, апатты жағдайда - 67 үй, тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған.
Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.