Сауран ауданы: Жібек жолы ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әшірбеков 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Баяндамада округ аумағында жүзеге асқан инфрақұрылымдық жобалар, абаттандыру жұмыстары, әлеуметтік саладағы көрсеткіштер және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.