Сауран ауданында ұлағатты ұстазды еске алуға арналған волейбол турнирі ұйымдастырылды
Сауран ауданында білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз әрі білікті басшы Зубайдилла Наршабаевты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық шараға ауданның жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері мен қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.