Сауран ауданында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды
Жазғы маусымда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Сауран ауданы аумағында кешенді профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері, Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі және еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты.